понедельник, 4 марта 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
21:03, 21 February 2023

Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды


Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Улана Сламбекқызы Сламбекова Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Улана Сламбекқызы Сламбекова 1984 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында туған.

2005 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қызметкерлерді басқару» мамандығы («экономист» біліктілігі) бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Талас ауданындағы «Ақшұқыр» шаруа қожалығының экономисі болып бастаған.

Әр жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, қоғамдық-саяси және бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастармен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі, бөлім басшсының орынбасары қызметтерін атқарған.

2016 жылғы қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика