среда, 9 октября 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
21:08, 01 October 2021

Жамбыл ауданы Аса ауылында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша үздік тәжірибе орталығы ашылды


Бүгін Жамбыл ауданы Аса ауылындағы  орталық аудандық емханасының базасында Алматы алғашқы медициналық-санитарлық көмек декларациясының 43 жылдығына және Астана декларациясының 3 жылдығына орай  үздік практикалық  орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің емдеу  алдын-алу орындарындағы   жұмыс істеу моделін қалыптастыру, азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі негізінде учаскелерді ірілендіру, жалпы практика дәрігерінің,  отбасылық дәрігердің тәжірибесін енгізу бағытында жұмыс істейтін орталықтың ашылу лентасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Еуропалық орталығының басшысы Мелитта Якаб пен  Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев қиды. 

Оған ДДҰ-ның МСАК жөніндегі Еуропалық орталығы кеңсесінің басшысы Мелитта Якаб, ДДҰ-ның МСАК жөніндегі еуропалық орталығының техникалық кеңесшісі Арнольдас Юргутис, «Қырғызстандағы бастапқы денсаулық сақтауға жәрдемдесу» жобасының жетекшісі Валери Брох Альварез, «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығының төрағасы Төлебай Рахыпбеков, Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің делегациясы қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінен соң емхананың медициналық қызмет көрсету көмегі бойынша бөлімдерін аралап көрген делегация құрамы оның жұмысына жоғары баға беріп, қызметкерлерімен пікір алмасып, ұсыныс кеңестерін айтты. Ұжыммен кездесіп, орталық жұмысына сәттілік тіледі. 

 

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

 

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика