Облыс орталығы өркендеп келеді: ол Қазақстан қалаларының рейтингінде 11-інші орында
Ресей ғылым академиясы өткізген Қазақстан қалаларының даму рейтингі жарияланды. Онда Тараз 11-інші орында тұр.
«Талдау қаланың дамуының негізгі критерилерін сипаттайтын 11 топқа біріктірілген 25 көрсеткіштің негізінде жүргізілді. Рейтингті түзу үшін мәліметтерді республика бойынша ең жақсы көрсеткіштерге қатысты қалыптау әдістемесі қолданылды. Зерттеу нәтижесінде өзге ірі қалалардың елеулі түрде кенжелеп қалуы жағдайында астаналық аймақтардың шамадан тыс дамуы анықталды. Алматы мен Астана республиканың басқа қалаларымен салыстырғанда жоғары даму әлеуетіне ие», делінген жарияланып отырған Қазақстанның ірі қалаларының даму рейтингінде.
«Рейтингте Қазақстандағы тұрғындарының саны 100 мың адамнан асатын, барлығы 8 млн. адам немесе ел тұрғындарының 45 пайызы тұратын 22 ірі қала қамтылған. Мұнда негізгі өндірістік кәсіпорындар, ғылым және білім орталықтары, мәдени-ойын-сауық мекемелері шоғырланған, ірі халықаралық спорттық, экономикалық және саяси шаралар өткізіледі», делінген баяндамада.
Рейтинг көшін 19,4 баллдық индекспен Алматы бастаса, Одан кейінгі орындарда Астана (13,5) мен Шымкент (7,7) қалалары орналасқан. Еліміздің ең жылдам дамып келе жатқан қалаларының бестігін Ақтөбе (6,3) мен Павлодар (5,9) түйіндеп тұр.
Баяндамада Оңтүстік Қазақстан макроаймағының республикамыздың ең дамыған бөлігі болып табылатыны атап көрсетілген, мұнда ірі 6 қала орналасқан (Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған және Түркістан), олардың ішінде екеуі (Алматы, Шымкент) жоғары даму деңгейіне ие. Тараз және басқа қалалар орташа даму деңгейіне ие. Оңтүстік Қазақстан макроаймағындағы қалалардың бәрі үшін орташа даму индексі 7,9 баллды құрайды.
Бұл орайда «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының сарапшылары осыдан екі жыл бұрын жасаған осындай рейтингте Тараздың бар болғаны 17-ші орын алғанын айта кету керек. Бірақ, осы уақыт аралығында елеулі түрде ілгерілеп отыр. Мұнда қаланың жаңа басшылығының еңбегі зор.
Жаңа рейтингте Тараз «туристік әлеует» бағанында кәдімгідей жоғары – төртінші орын, ауа-райының жайлылығы бойынша үшінші орын алды. Қаланың бүгінгі басшылығының еңбегі – халықаралық іс-шаралардың көптеп өткізілуі. Бұл жай сегізінші орынды қамтамасыз етіп, жалпы рейтингте 11-ші орынға көтерілуге мүмкіндік туғызды.