среда, 24 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
21:27, 01 October 2021

Тараз қалалық №5 емханада алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша үздік тәжірибе орталығы ашылды


Бүгін №5 қалалық емханасында  алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша үздік тәжірибе орталығы ашылды.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Еуропалық орталығының басшысы Мелитта Якаб пен  техникалық кеңесшісі Арнольдас Юргутис,  «Primary Health Care»  ұлттық қауымдастығы мен Қырғызстан елінің  өкілдерінен құралған делегацияның Жамбыл облысына келген іс-сапарының басты мақсаты – алғашқы медициналық-санитариялық көмектің емдеу  алдын-алу орындарындағы   жұмыс істеу моделін қалыптастыру, алдыңғы қатарлы технологиялар – мамандардың мультидисциплинарлық командасымен үздік тәжірибе орталықтарын ашу.

Емханалардың  медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын арттыру, азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі негізінде жұмыс істейтін орталықтар учаскелерді ірілендіру, жалпы практика дәрігерінің,  отбасылық дәрігердің практикасын енгізу бағытында жұмыс істейтін болады. 

Лента қию рәсімінен соң, емхананың бас дәрігері Динара Сарсенова қонақтарды дәрігерге дейінгі кабинет, салауатты өмір салты орталығы, әлеуметтік қызметкер бөлмесі, алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің және отбасылық денсаулық орталығының жұмысымен таныстырса, әр бөлімнің мамандары халыққа көрсетілетін медициналық-әлеуметтік көмек және олардың түрлері, туралы әңгімелеп берді.

Қалалық емхана қызметкерлерінің жұмысына жоғары баға берген келушілер іс-шара соңынан мекеме ұжымымен кездесіп, өзіндік пікір, тәжірибе  алмасу жасады.  Ұсыныс-тілектерін жеткізді. 

 

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Об авторе: Венера Ахметжанова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика