пятница, 26 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
16:28, 31 July 2022

Жамбыл облысының даму қорытындысы


ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласына 31,2 млрд. теңге бөлінген болатын, деп хабарлайды «Эк-спорт» АА.

Бүгінгі күні бұл қаржының 11,0 млрд. теңгесі облыстағы 6 714 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде беріліп, игерілді.  

Биылғы жылы облыста 756,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, өткен жылмен салыстырғанда 5,3 мың гектарға артты. 

Осыған орай, егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында бюджеттен                 3 млрд. 021 млн. теңге бөлінсе, бүгінгі күні оның 691 млн. теңгесі игеріліп, қазіргі уақытта алынуы қажет 52,4 мың тонна минералды тыңайтқыштың 32,1 мың тоннасы алынып, 214,2 мың гектар алқапқа ендірілді және жоспар 61,3% орындалды. 

«Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 857,0 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның 91,8 млн. теңгесі игеріліп, 106 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. 

«Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 153,0  млн. теңге қаржы бөлінсе, бүгінгі күнге 82 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 70,4 млн. теңгеге 23,4 мың л/кг өсiмдiктердi қорғау препараттары алынып, 39,1 мың гектар жер өңделді. 

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау»  бағдарламасы бойынша 2022 жылдың өнімі үшін егілген қант қызылшасы дақылының өніміне 2,1 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Субсидиялау қант қызылшасын жинау науқанына байланысты қазан-желтоқсан айларында игерілетін болады.

 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бөлінген 11,8 млрд. теңгенің 4,7 млрд. теңгесі игеріліп, 2 652 шаруашылыққа субсидия берілді. 

Осының нәтижесінде облыстағы МІҚ саны 541,8 мың басты құрап, 1,5%-ға, 

қой мен ешкі саны – 5,8%-ға, (3,9 млн. бас)

жылқы саны – 9,4%-ға, (180,6 мың бас)

құс саны – 23,8%-ға артса, (2,1 млн. бас)

ет өндірісі – 1,3%-ға, (59,6 мың тонна)

сүт өндірісі – 1,4%-ға, (159,0 мың тонна)

Сондай-ақ, «Ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы аясында жыл басынан бері 490 тонна  ет экспортталса, оның ішінде 30 тонна сиыр еті, 300 тонна қой еті, 80 тонна құс еті экспортталды.

 «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 6,6 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге оның 3,5 млрд. теңгесі 410 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде төленді. 

Осының нәтижесінде ағымдағы жылғы 6 айдың қорытындысымен салаға тартылған инвестиция көлемі 14,1 млрд. теңгені құрады. 

Об авторе: Жанна Сулеймани


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика