четверг, 25 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
5:55, 31 May 2022

Олар итті тыныштандырып, есіктерді ашты және өрттерді сөндірді


Үш тәулік ішінде Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері 31 рет шақыртуға шықты. 

Олар итті тыныштандырып, есіктерді ашты және өрттерді сөндірді

Мәселен, ағымдағы жылдың 29 мамырында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары иттің иесінің өзіне қауіп төндірген құтырған итті құрықтады. Шақырту орнына келген құтқарушылар итті жедел ұстап, иесіне көмектесті және құтырған иттің адамдарды қауып алуына жол бермеді. Жасақ құтқарушылары осы үш тәулік ішінде түрлі сипаттағы шақыртуларға шығып, бірнеше үйлерге есіктерін  ашып беріп, талдың ұшар басына шығып, түсе ламай қалған мысықты да ағаштан түсірді.  Жол-көлік оқиғалары салдарынан автокөлікте қысылып қалған зардап шегушілерді құтқару жұмыстары да  осы үш тәулік ішінде атқарылды.  

Олар итті тыныштандырып, есіктерді ашты және өрттерді сөндірді

Ал өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің өрт сөндірушілері бірнеше рет өрт және жану оқиғаларына шықты, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын да жүргізді.

Осыған байланысты, Жамбыл облысы ТЖ Департаменті облыс және қала тұрғындарына балалар мен қарттарды үйде қараусыз қалдырмай, төтенше жағдайларға жол бермей өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, көктемгі уақытта бақшаны тазалағанда қоқыстарды өртеу кезінде өртке жақын орналасқан тұрғын үйлер мен жапсарлас құрылыстарға таралмауын қатаң қадағалау қажеттігін қатаң түрде ескертеді. Ал өрт немесе төтенше жағдай туындай қалса шұғыл түрде «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалу қажет. Төтенше жағдайдың салдарымен  күресуден гөрі алдын-алу оңай екендігін естен шығармауды сұрайды.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика