Жамбыл облысындағы аса ірі аудандық ауруханалардың бірі – Қордай аудандық орталық ауруханасының ресми сайты салалық мамандық пен емдеу әдістемесін таңдауды ұсынады.
Бұл медициналық мекеменің заманауи жоғарытехнологиялық медициналық құралдармен жабдықталғанын, өз пациенттеріне қазіргі заманғы диагностикалық және стационарлық көмек ұсынуға мүмкіндігі бар екенін айта кеткіміз келеді. Аурухананың медициналық персоналы өздерінің біліктіліктерін жүйелі түрде арттырып отырады. Медициналық мекемені бас дәрігер Зәуреш Қадырбекова басқарады.
«Біз сіздерді «Қордай АОА» шаруашылық жүргізу құқындағы МКК-ның ресми Интернет-ресурсы бетінде қуанышпен қарсы аламыз, – дейді Қолдау қызметінің төрайымы, Қордай АОА бас дәрігерінің орынбасары Назгүл Тобышақова. – Сайтымыздың көмегімен сізге жақындай түсеміз, медициналық көмек көрсету мәселелерінде сізбен өзара түсіністік тауып, кері байланыс орнатамыз деп сенеміз. Сіздің кез келген қайырылуыңыз назардан тыс қалмайды. Сіз өзіңізді толғандырған сауалды біздің блогымыздың бетінде қоя аласыз».
Спикердің айтуынша, Қордай АОА Пациенттерге қолдау көрсету қызметінің мақсаты – проблемалық мәселелерді анықтап, медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту.
Егер көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса, медициналық қызметкерлер тарапынан оғаш қылық көрсетілсе, персонал кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында көрсетілген медициналық қызмет үшін ақша талап етсе, сондай-ақ медициналық көмектің тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне қайырылыңыз.
Сіз біздің www.crbkorday.kz сайтындағы «Пациенттер пікірі» рубрикасына немесе 8 (72636) 4-30-95 телефоны бойынша хабарласа аласыз.
Пациенттерге қолдау көрсету қызметі сіздің қайырылуыңызды барынша қысқа уақытта қарайды. Емделіп жатқан пациенттердің өзі де, сондай-ақ олардың туыстары да қайырыла алады. Біз сіздердің өз ұйымымыз көрсететін медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмектесетін кез келген қайырылу, пікір білдіру және ұсыныстарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз, – дейді Қордай АОА бас дәрігерінің орынбасары.
Қордай АОА телефоны: 8(72636)4 30 95
Біздің мекенжайымыз:
Қазақстан, Қордай ауылы.
Төле би, 54.
Телефон: +7 (72636) 4-30-95
Email: bolnica@crbkorday.kz
Сайт: http://crbkorday.kz/
Бізбен байланысыңыздар!
Біз сіздердің емдеу турасындағы кез келген сауалыңыз бен пікір қалдыруыңызға қуана-қуана жауап береміз және сізге дәл сіздің жағдайыңызда, өзіңіздің тілектеріңіз бен проблемаңызды ескере отырып, дұрыс шешім қабылдауыңызға көмектесеміз.
Бізбен телефон, электронды пошта арқылы байланысыңыздар. Немесе кері байланыс үлгісін толтырып, өзіңіздің күдігіңізді сейілтуге және кәсіби маман мен емдеу әдістемесін таңдауға көмектесетін шұғыл тегін кеңес алыңыз, – делінген Қордай аудандық орталық аурухананың ресми сайтында.