четверг, 18 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
0:33, 16 March 2023

Тараздағы Наурызға арналған іс-шаралар бағдарламасы 2023


Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай өтетін іс-шаралардың

БАҒДАРЛАМАСЫ

Іс-шара атауы

Өтетін орны

Өтетін мерзімі,

уақыты

«Төрткүл Ханзадасы» ертегі және «Наурыз думан» балаларға арналаған қойылымның премьерасы

Тараз қаласы,

А. Тоқпанов атындағы облыстық драма театры

14-18.03.2023 ж.

сағат: 11.00

«Бақ берекем, құт мерекем – Әз Наурыз» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастыру

Тараз қаласы

14.03.2023 ж.

сағат: 11.00

«Көрісу күні» іс-шарасы

Тараз қаласы,

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі

14.03.2023 ж.

сағат: 12.00

Көпбалалы аналарға арналған «Ақ мол болсын!» атты сүт өнімдерінен жасалатын ұмыт болған ұлттық тағам түрлерін жасау технологияларын үйрету шеберлік сағаты

«Анаға тағзым» орталығы

15.03.2023 ж.

сағат: 15.00

«Наурыз – думан, Наурыз – ән» этно думан

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

16.03.2023 ж.

сағат: 11.00.

«Жастықтың жалынды жырлары» поэзия кеші

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

16.03.2023 ж.

сағат: 11.00

«Ер қаруы бес қару» атты ұлттық ойындар фестивалі

Тараз қаласы,

«Төрткүл» керуен сарайы

16.03.2023 ж.

сағат: 15.00

«Үкілі камшат» атты облыстық тігіншілер байқауы

Тараз қаласы,

«Анаға тағзым» орталығы

17.03.2023 ж.

сағат: 10.00

«Қош келдің, әз-Наурыз!» мерекелік іс-шара, шығармашылық көрме

Тараз қаласы,

«Балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығы»

17.03.2023 ж.

сағат: 11.00

«Ұмыт болған оюлар» атты фестиваль

Тараз қаласы,

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі

17.03.2023 ж.

сағат: 15.00

«Армысың, әз Наурыз» мерекелік іс-шара

Тараз қаласы,

«Қазақ соқырлар қоғамы»

17.03.2023 ж.

сағат: 15.00

«Бақыт құсы» Лашын керамика өнер студиясының шығармашылық көрмесі

Тараз қаласы,

Көркемсурет галереясы

17.03.2023 ж.

сағат: 15.00

«22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты жылжымалы көрме

Тараз қалалық №49 орта мектебі

17.03.2023 ж.

сағат: 15.00

«Наурыз – құт, береке бастауы» атты мерекелік бағдарлама

Тараз қаласы,

«Оқушылар» сарайы

19.03.2023 ж.

сағат: 11.00

«Ұлыстың ұлы тойы» тақырыбында ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау кеші

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

20.03.2023 ж.

сағат: 11.00

Наурыз – мейірімділік пен қайырымдылық мерекесі (волонтерлер мен меценаттар тарта отырып, «Қайырымды Ұлт» жалпыұлттық қайырымдылық акциясын өткізу)

Тараз қаласы,

«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені

20.03.2023 ж.

сағат: 11.00

«Наурыз – праздник дружбы и добра!» театрландырылған көрінісінің қайырымдылық көрсетілімі (мүгедектігі бар және жетім балаларға)

Тараз қаласы,

А.Тоқпанов атындағы облыстық драма театры

20,24.03.2023 ж.

сағат: 11.00

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде танымалдығы артып келе жатқан жастардың «Asyk party», «Ulttyk karaoke», «Dombyra шоу» және т.б. флешмобтар мен челленждер

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде

Aulieata_jastary сайты

21-22.03.2023 ж.

сағат: 10.00

Қала тұрғындары арасында 35 кіші-футбол алаңшаларында бұқаралық спорттық іс-шаралар (дартс, қол күресі, асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу, бір орыннан ұзындыққа секіру)

Тараз қаласының 35 кіші футбол алаңшалары

21-23.03.2023 ж.

сағат: 13.00-16.00

Наурыз – тату көршілік пен жергілікті қоғамдастық мерекесі (тұрғын үйлер мен аула алаңдары шегінде ұлттық салт-дәстүр рәсімдерін, түрлі ұлттық тағам, тәттілер ұсыну арқылы іс-шаралар өткізу)

Аудандар мен Тараз қаласының 11 округі

22.03.2023 ж.

сағат: 10.00

«Армысың, әз Наурыз!» мерекелік мәдени-көпшілік іс-шара (киіз үйлер тігу, наурыз көже мен бауырсақтарды тегін тарату, қолөнершілер жәрмеңкелерін, ұлттық тағамдар фестивальдерін, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу, мерекелік халық серуендері, жәрмеңкелер мен концерттер, театрландырылған көріністер мен спорттық ойындарды ұйымдастыру)

Тараз қаласы,

«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені

22.03.2023 ж.

сағат: 10.00

«Армысың, әз – Наурыз!» атты көпшілік мәдени іс-шарасы (киіз үйлер тигу, ұлттық спорттық шаралар, сауда саттық және концерттік бағдарлама ұйымдастыру)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент саябағы

22.03.2023 ж.

сағат: 10.00

Тараз қаласының шет аумақтарының тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында «Наурыз жаршысы» іс-шарасы (мерекелік безендірілген күйме батыс және шығыс қақпаларынан қалаға кіріп, шет аумақтарды аралап күйме үстінен концерттік бағдарлама қойылып, тұрғындарға базарлықтар тарату)

Тараз қаласының 11 округі

22.03.2023 ж.

сағат: 11.00

22 наурыз – Ұлыстын ұлы күніне орай «Наурыз Fest» атты фестивалі

Тараз қалалық жастар жастар ресурстық орталығының «Coworking» залы

22.03.2023 ж.

сағат: 11.00

Об авторе: Жанна Сулеймани


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика