среда, 24 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
6:08, 23 May 2022

Қордай медицинасының әлеуеті


Қордай ауданы – Жамбыл облысындағы шамамен 145 мың тұрғыны бар ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Ол ірі көлік торабы, мұнда халықаралық магистральдар түйіседі, Мемлекеттік шекара өтеді. Қордай ауылы маңындағы шекаралық бақылау-өткізу пункті Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасындағы аса маңызды пункт саналады, себебі ол арқылы Бішкектен Алматы мен Шуға баратын автомагистраль өтеді.

Аймақтағы санитариялық-эпидемиологиялық саулықты, бақуаттылықты, денсаулық сақтаудың лайықты деңгейін, тұрғындар үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету – жергілікті биліктің алдында тұрған бірінші кезектегі мәселелер. Жамбыл облысының медициналық мекемелері қатарындағы аса ірі аудандық ауруханалардың бірі саналатын Қордай аудандық орталық аурухана өз саласындағы осы міндеттерді табысты атқарып келеді.

Қордай аудандық орталық ауруханада қандай бөлімдер бар:

– терапия
– балалар терапиясы
– инфекциялық бөлім
– әйелдер кеңесі
– балалар кеңесі
– перзентхана
– реанимация
– хирургия
– УЗИ
– ФГДС
– физиотерапия
– функционалдық диагностика
– зертхана
– рентгенография

Бүгінгі таңда 260-тан астам пациентті қабылдауға қауқарлы Қордай аудандық орталық ауруханасында 1200-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың бәрі өздерінің кәсіби біліктіліктерін тұрақты көтеріп отырады. Көпшілігі Қазақстанның ірі медициналық орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттарында өндірістік тәжірибеден өтіп келеді. Ол кәсіби тұрғыдан үздіксіз өсулеріне игі ықпал етуде.
Қордай ауданында қырықтан астам елді мекен бар. Қордай АОА ауданның бүкіл аумағын қамтитын медициналық мекемелер желісі бар.
Аудандағы денсаулық сақтау желісі бірнеше емдеу-алдын алу мекемесінен тұрады. Олар – 125 төсектік бес ауылдық аурухана. Отар ауруханасында – 30, Сортөбеде – 50, Ауқаттыда – 10, Масаншыда – 25, Қарасайда 10 төсек-орын бар.
Орталық аудандық емхана құрамында клиника-диагностикалық емхана, балалар кеңесі, әйелдер кеңесі, клиника-диагностикалық зертхана, рентгенология бөлімі, УЗИ және физиоемдеу бар.
Бекітілген ФАП-тары, медпункттері мен ветзертханалары бар дәрігерлік амбулаториялар Қайнар, Бетқайнар, Соғанды, Степное, Славное, Сарыбұлақ, Қасық, Беріктас, Жамбыл, Жаңатұрмыс, Өтеген, Қақпатас, Қалғұты, Сарыбастау, Сарыбұлақ, Гвардейск және басқа да ауылдарда орналасқан.
Жалпы аудан бойынша 10 мың тұрғынға шаққанда төсек-орынмен қамтылу көрсеткіші 41-ді құрайды.
Мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, стратегиялық жоспарды орындауға бағытталған іс-шаралар жүйесінен қордайлық медиктер аурулардың пәрменді алдын алу, емдеу және оңалту, медициналық қызметкерлердің біліктілігін тұрақты арттыру, материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру жүйесін көріп отыр.
Қордайлық дәрігерлер өз қызметтерінің негізгі мақсаттары аурулардың пәрменді алдын алу, емдеу және оңалту, әйелдердің аналық денсаулығын нығайту, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау деп біледі.
«Негізгі әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалтуды жетілдіру қажет. Бөлімшенің аурулардың алдын алу мен жол бермеу, медициналық қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде көтеріп отыру жөніндегі жұмысының пәрменділігін арттыру керек. Ол үшін ауруханаішілік оқу іс-шараларын өткізіп тұру, аурухананың электронды кітапханасының қорын жетлдіріп отыруды қамтамасыз ету керек. Жаңа келген жас медицина қызметкерлері үшін тәлімгерлік институтын енгізу қажет. Материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру керек. Сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттырып, білікті мамандарды тарту, қажетті медициналық аппаратуралар мен дәрілік препараттарды алу қажет», – деп түйіндеді ведомствода.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика