вторник, 23 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
6:24, 20 May 2022

Біздің миссиямыз – адамдарға қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету


Біздің миссиямыз – адамдарға қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету

Қордай аудандық Орталық аурухананың бас дәрігері

Қордай аудандық орталық аурухана бірер жылдан кейін өзінің жүзжылдық мерейтойын атап өтуі мүмкін.Біздің миссиямыз – адамдарға қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету

Қордай ауданы денсаулық сақтау саласының тарихын Георгиевка (бұрын Қордай ауылы солай аталатын) ауылына Кеңес өкіметімен бірге алғашқы фельдшер келген 1924 жылдан бастауға болады. Ал 1930 жылы алғашқы аудандық дәрігер А. Чириков келіп, он орынды тұңғыш учаскелік аурухана ұйымдастырылды. Содан бергі жылдары ауданның денсаулық сақтау саласы мен орталық аурухананың кадрдық әлеуеті, төсек-орын қоры, материалдық-техникалық жабдықталуы елеулі түрде өсті.

Қордай аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Зауреш ҚАДЫРБЕКОВА арнайы «СЭР» журналы үшін аурухананың қызметі туралы әңгімеп берді. Ол осы медициналық мекемеде 26 жыл жұмыс істеп келеді.
– Бүгінгі таңда біздің Аудандық орталық аурухана Жамбыл облысы бойынша аса ірі аудандық ауруханалардың бірі болып табылады, – дейді бас дәрігер Зауреш Қадырбекова. – Медициналық мекемеміз жоғары технологиялық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда пациенттерге диагностикалық және стационарлық көмек көрсетіледі. Аурухананың медициналық қызметкерлері өздерінің біліктіліктерін жүйелі түрде көтеріп тұрады. Дәрігерлеріміз бен мейірбикелеріміз Қазақстанның ірі медициналық орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттарында кәсіби тұрғыдан үздіксіз өсулеріне игі ықпал ететін өндірістік тәжірибеден өтуде.

Қордай аудандық орталық аурухананың стратегиялық жоспарында біздің миссиямыз – тұрғындарға қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету екені атап көрсетілген. Аудандық аурухана өңір тұрғындарына олардың денсаулығын нығайтуға, аурудың алдын алуға, дәл диагнозын қоюға, денсаулықтарын нығайту мен қалпына келтіру үшін дерттерін пәрменді емдеуге бағытталған қолжетімді және сапалы дәрігерлік көмектің кең ауқымын ұсынып отыр.

Біз жоғары сапалы қызмет көрсетуді өзіміздің басты құндылығымыз ретінде айқындадық. Бұл пациенттерге мүмкіндігінше барынша жақсы медициналық қызметтер көрсетуге, емшарадағы «зияныңды тигізбе» деген басты ұстанымға сәйкес қауіпсіз медициналық көмектер көрсетуге деген ұмтылыс.

Біздің барша қызметіміз пациентке бағытталған – аурухана қызметкерлері пациенттерге қамқор болып, олардың құқықтарын сақтауға тиіс. Пациентке деген жанашырлық, оған тұлға ретінде сыйластық таныту, әрбір медициналық қызметкерге тән болуы керек, өйткені әр пациент жынысына, жасына, ұлтына, тіліне, нәсіліне, тұрмыс жағдайына қарамастан қамқорлық көрсетуге лайықты. Жұмысымыздағы маңызы маңызы зор мәселелердің бірі – ресурстарды үнемдеу, қызметкерлердің ресурстарды тиімді әрі үнемді жұмсай отырып, өз жұмыстарын пәрменді орындаулары.Біздің миссиямыз – адамдарға қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету

Қазақстанда денсаулық сақтау саласын дамытудың қазіргі кезеңі тұрғындардың өмірін ұзарту, өлім санын төмендету, аурушаңдықты азайту, көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту және денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы елеулі жетістіктермен сипатталады.

Елімізде 1990 және 2000 жылдардағы өтпелі кезең ауыртпалықтары мен негізгі проблемалар іс жүзінде еңсерілді. Дегенмен әлі де шешімін таппай отырған екінші кезектегі міндеттер бар. Оларды шешу көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Отандық денсаулық сақтау саласындағы басталған реформалар осы міндеттерді еңсеруге, сонымен қатар жаңа белестерге қол жеткізуге бағытталған. Ал ол еліміздің тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға игі ықпал ететіні анық.

Ел басшылығы денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі бағыттарын, оның мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын стратегиялық сипаттағы бағдарламалық құжаттар қабылдады. Қазақстан Республикасын қарқынды дамыту және оны әлемдік қауымдастыққа тығыз кіріктіру аясында елімізді әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосу міндеті қойылып отыр. Бұл денсаулық сақтау ұйымдарынан олардың медициналық қызмет көрсету критерилері мен стандарттары ЭЫДҰ мүше елдердің жоғары стандарттары мен критерилеріне сай болуын талап етеді.

Аурулардың пәрменді алдын алу, емдеу және оңалту жүйесі, медициналық қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде көтеріп отыру, материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту – Қордай ауданының денсаулық сақтау саласы алдына қойылып отырған міндеттер міне осындай.

Зәуреш Қалқаманқызы Қадырбекова
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылының тумасы. 1986 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын «емдеуші-дәрігер» мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласында облыстық аурухана базасында жалпы терапия бойынша интернатурадан өткен.
Интернатурадан кейін еңбек жолын Қордай ауданындағы Кенен ауылында ОДА дәрігер-терапевт болып бастаған. 1988 жылы маусым айында Қызыл Октябрь ауылындағы ОДА бас дәрігер болып ауыстырылған. 1992 жылы – аудандық емхананың меңгерушісі. 1996 жылдың ақпан айынан Қордай аудандық орталық ауруханасында жұмыс істейді.

Об авторе: Жанна Сулеймани


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика