воскресенье, 6 октября 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
18:22, 07 June 2021

Жамбыл облысының тұрғыны алаяққа 2,5 млн теңгесін аударған


Жамбылдық полицейлер ірі алаяқтық дерегін ашты, деп хабарлайды “Эк-спорт” АА тілшісі.

Полиция қызметкерлері азаматтың сеніміне кіріп, одан ірі көлемде ақша алғаны үшін Байзақ ауданының 24 жастағы азаматшасын ұстады. Тергеу барысында қаскүнемнің құрбаны Тараз қаласының 31 жастағы (ер адам) тұрғыны екені анықталды. Ол алаяққа балаларды емдеуге жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден астам ақша қаражатын аударған.

«Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтың құрбаны болған басқа адамдарды анықтау үшін бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде»,-делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

 

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика