понедельник, 14 октября 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
11:30, 21 December 2018

Бірыңғай жиынтық төлем


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуын формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен бейресми жұмыспен қамтылғандардың қызметін салық органдарында тіркеудің жеңілдетілген тәртібін көздейтін жаңа құқықтық режим – Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу болып табылады.

Бірыңғай жиынтық төлемді жұмыс жасайтын Қазақстан азаматтары үшін 4 міндетті төлемді бір төлеммен алмастырады.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үшін кіріс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша ең төмен мөлшерлемелер,   республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда айына 1 айлық есептік көрсеткіш   (2525 теңге), басқа елді мекендерде – 0,5 айлық есептік көрсеткіш (1263 теңге) белгіленді.

Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі:

  • жеке табыс салығы – 10 %-ды;

– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар – 20 %-ды;

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдері – 30 %-ды;

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар – 40 %-ды құрайды.

 

Бірыңғай жиынтық төлем қызметін табыс алу мақсатында жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қолданылады, олар:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбау;

2) жұмыс істеу, жеке тұлғалар үшін қызмет көрсету;

3) жеке тұлғалардың тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылықты пайдаланудан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сату сияқты шарттарды сақтауға тиіс.

 

Бірыңғай жиынтық төлем:

  • сауда объектілерін қоса алғанда, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғаларға;
  • тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті жалға беретін (мүліктік жалдау)адамдарға;
  • жеке практикамен айналысатын адамдарға;
  • оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;
  • дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдарға қолданылмайды.

 

Жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсететін және жеке қосалқы шаруашылығының өнімдерін жеке тұлғаларға сататын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлеммен қамтылады.

Азаматтардың қалған санаттарына салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеудің қолданыстағы тәртібі сақталады.

Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу бейресми жұмыспен қамтылғандарға:

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінеқатысуға және медициналық мекемелерді таңдау құқығымен сомасы мен түрлері шектелмеген медициналық қызметтерге қол жеткізуге;

жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және жүйеге қатысу өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемін алуға;

еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілігіне және босануына, бала асырап алуына,                 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.

 

Невероятно: тариф на тепло будет снижен — по следам наших публикаций

Об авторе: Эк-Спорт


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика