суббота, 20 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
15:10, 02 September 2021

Жамбыл ауданының ауыл тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсетілуде


Жамбыл облысында 800-ден астам зертханалық зерттеу жүргізетін медициналық орталық ашылды, деп хабарлады ec-sport.kz тілшісі.

Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Жамбыл ауданының Аса ауылында 800-ден астам зертханалық сынақ жүргізілетін «Invivo» зертханасы ашылды.

«Орталықтың жұмыс істей бастағанына көп уақыт болмаса да, мұнда келушілердің қарасы көп, бағалары да барынша қолжетімді. Қазірдің өзінде зертханаға түрлі аурулармен келген 100-ден астам келушіге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Зертхананың негізгі міндеті — сапалы зертханалық сынақтардың бірнеше түрін алу қиын болған жағдайда қолжетімді бағамен сапалы қызмет көрсету болып табылады», — деп түсіндірді ведомствода.

Мемлекеттік лицензия бойынша зертхана негізгі екі қызмет түрін жүзеге асырады. Олар — зертханалық диагностика, оның ішінде бактериологиялық, иммунологиялық, жалпы клиникалық, биохимиялық, серологиялық зерттеулер және алғашқы медициналық-санитарлық көмек.

«Invivo» зертханасы аудандық пунктінің директоры Жеңіс Сопбековтың айтуынша, қолданылатын технологиялар барлық зертханалық зерттеулердің тарихын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл статистикалық деректерді сақтауға және мемлекеттік органдарға ұсыну үшін зертханалық зерттеулерді талдауға, сондай-ақ қажет болған жағдайда пациенттің өтініші бойынша қайталап зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Тәуелсіздік жылдарында Жамбыл ауданында 86 мың жамбылдыққа қызмет көрсететін 400-ге жуық әлеуметтік-кәсіпкерлік нысан салынды.

Айта кету керек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 6-13 шілде аралығында облыста COVID-19-бен аурудың өсуі байқалады, 13 маусымдағы жағдай бойынша 10381 жағдай анықталған. Өңірде 582 мың жамбылдықты вакцинациялау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда жоспар 41,5 пайызға орындалды. Жалпы 43 егу пунктінің 15-і — Таразда, 28-і — облыс аудандарында.

 

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика