пятница, 29 марта 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
19:01, 24 June 2022

Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілімен кездесті


Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартонмен кездесті. Кездесуге ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов қатысты

Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Жан-Франсуа Мартон өңірлік деңгейде, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі екендігін білдірді.

– Біздің облыс агроөнеркәсіптік аймақ болып саналады. Өңірдің әлеуеті зор, бұл көптеген бірегей жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Облыс халқының 60 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.

Бүгінде жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту бойынша кешенді жұмыстар қолға алынуда. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту, жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған жобаны қолдаған болатын. Бүгін ол бес бағыт бойынша жүзеге асуда. Қолдау барлығына қолжетімді. Жобаның нәтижесі, әлеуметтік әсері айтарлықтай байқалуда, – деді облыс әкімі.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту мақсатындағы пилоттық жобаға айрықша көңіл бөлініп отырғандығын баса айтты. Жобаның ауқымын кеңейтіп, еліміздің барлық өңірлеріне тарату шаралары қабылдануда.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы жобалары мен бағдарламаларының үйлестірушісі Қанат Қайырберлі Қазақстанмен әріптестіктің 2020-2025 жылдарға арналған негіздемелік стратегиясының іске асу барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ, кездесуде жол инфрақұрылымын, ирригациялық жүйелерді және әлеуметтік саланы дамыту жобалары талқыланды.

Об авторе: Жанна Сулеймани


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика