Биыл облыс орталығында 27 көшенің орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Қазір жұмыстар 17 нысанда аяқталды, деп хабарлайды ec-sport.kz.
Атап айтқанда: Мелиораторов көш. бұрылыстары, Цветочный көш. 2 бұр , Өзбек көш., Дулати көшесі 2 бұр, Еспаев көшесі, Комратов көшесінің бұр., Тюленин, Қашғари, Урицкий және Уәлиханов көшелерінің бұр., Заречная және Джалил көшелері, Өтегенов және Гончаров көшелерінің бұр., Нұрпейісов, Цветочный, Сухамбаев және Мичурин бұрылыстары, Аппасов көшесі (Ниеткалиевтен Сүлейменовке дейін), Мұқанов көш 3 бұр, Крупская көшесі, Мамыр саябағына барар жол, Әулиеата колледжінің жанындағы жаяу жүргіншілер жолы, Қапал, Ишин, Тынышбаев көшесінің бұрылыстары, Локомотивная, Ақылбеков, Шалғай Қарасу.
Қалада 8 жоба бойынша жол негіздемелері әзірленді: Громов, Қажымұқан, Гипсов және Сүлейменов көшелерінің бұрылыстары; Песчаный көшесі 2 бұрылысы; Лукманов көшесі; Сыздықов көшесі 5 бұрылысы, Д.Бедный көш.бұрылысы, Мусоргский көшесі,Райымбеков көш 1 ж/е Зеленый көшесі 2 бұрылысы; Сеңкібай және Абай көш бұрылыстары; Сеченов көш, Қонаев көшесі 1 бұр, Апсеметов көшесі;
Қайта жаңғырту жобасы бойынша Мәмбет батыр, Ташкент көшелерінің 9,45 шақырымы енді.
Қазіргі таңда Ташкент көшесін қайта жаңғырту бойынша «АрайстройGROUP» ЖШС жұмыстар жүргізілуде. Аққозиев көшесінен Комратов көшесіне дейін асфальт салынды. Комратов көшесінен бастап 370 метр қашықтықта асфальт жабындысының 1-ші қабаты төселді.
Мәмбет батыр көшесін қайта жаңғырту бойынша «Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты» АҚ» ЖШС-мен жұмыстар жүргізілуде (ұзындығы 4,9 шақырым). Мәмбет батыр көшесінде (Сыпатай батыр көшесінен бастап 300 метрде) асфальт жабындысының 1-ші қабаты төселді, қалған теміржол өткеліне дейінгі аралыққа асфальт төселетін болады. Одан арғы жағындағы аралыққа жол негіздемесі әзірленуде.