пятница, 13 декабря 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
12:15, 22 October 2022

Таразда үшем дүниеге келді


Екінші үшем биыл Таразда дүниеге келген, деп хабарлайды портал ec-sport.kz

Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық блогында Жалпақ төбе ауылынан Абдуллаевтар отбасында үшемдер дүниеге келді. Отбасы тірегі –  Алинур Абдуллаев супервайзер, анасы – Умида Аширова зертханашы болып жұмыс істейді. Жұбайымен бірге олар екі қыз тәрбиелеп отыр: 2015 жылы туған Айлану және 2018 жылы дүниеге келген Амелия.

Бұл жүктілік отбасы үшін тосын сыйларға толы болды, үшінші рет көтерген жас әйел бірден үшемге жүкті болды.

Үшем қыздар мерзімінен бұрын, жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің туу салмағы 1980,0, 2120,0 және 2020,0 грамм болды. Олар әдемі есімдермен аталды-Айлин, Алия және Элиф. Туылғаннан кейін шала туылған нәрестелер одан әрі тексеру және күтім жасау үшін неонатология бөліміне ауыстырылды.

Қазір қыздардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға арнайы күтім ұйымдастырылуда. Балалар анасымен бірге. Анаға емшек сүтімен емізу, салмағы аз нәрестелерге күтім жасау, сондай-ақ қауіпті белгілердіің алдын-алу мен онымен жұмыс  бойынша кеңестер берілуде.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика