среда, 11 декабря 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
16:47, 05 July 2022

Жамбылдық тәртіп сақшылары балаларды бос уақыттарын тиімді өткізуге шақырады


Балалар мен жасөспірімдер үшін пайдалы бос уақытты ұйымдастыру – бұл оқушылардың сауығуы, демалуы және жеке дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу, демалудың әртүрлі нысандарын және кәмелетке толмағандардың дене бітімін дамытуды қамти отырып, қауіпсіз және сапалы демалуы мен сауығуын қамтамасыз ету.
Осы кезеңде ата-аналардың балаларды қызығушылықтары бойынша тиімді бос уақытқа тартуға күш салуы өте маңызды.
Жалпы облыс бойынша қосымша білім берудің барлық түрлерімен қамтылған білім алушылардың үлесі 83,7% – ды құрайды.
Ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдер құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында, өйткені жазғы каникул кезінде олар бос уақыттың көптігіне байланысты заңсыз ортаға көбірек ұшырайды.
Бүгінгі күні ІІО-да есепте тұрған адамдардың 78% – ы мүдделері бойынша бос уақыттарын пайдалы өткізуге тартылған.
Сауықтыру лагерлерінде алдын алу шараларын өткізу де маңызды болып табылады. Облыс бойынша 7 лагерьде 2000-нан астам демалушы кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке және мүліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша полиция қызметкерлерінен тәулік бойы кезекте қойылды. Тәртіп сақшылары судағы тәртіп ережелерін түсіндіреді, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға үлкен мән береді.
Сонымен қатар, облыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ оларға қатысты құқыққа қарсы қол сұғушылықтарды болдырмауға бағытталған мобильді топтардың жұмысы күшейтілді.
Бір аптаның ішінде ІІО-ға 125 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, 164 заңды өкіл және өзге де ересек адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
“Баланың бос уақытын әрдайым тиімді өткізумен айналысуы керек, бұл оның заңсыз ортадан “қауіпсіздік шеңбері” сияқты десек болады. Егер ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуге белсенді қатыспаса, олардың бос уақыты мен қарым-қатынас ортасына қызығушылық танытпаса, тек құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары әсер етпейдi. Осыған байланысты отбасының қоғамдағы және саналы ата – ананың рөлін көтеру қажет”, – дейді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымбердi Әшкеев.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика