четверг, 2 мая 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
10:30, 07 July 2022

Тараздың жаңа тұрғын алабтарындағы учаскелерді қалай рәсімдеуге болады?


Облыс орталығында соңғы жылдары қала шегіне кірген аумақтарға байланысты проблемалар шешілуде. Яғни осы тұрғын алабтарын қала инфрақұрылымына кіріктіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, деп жазады ec-sport.kz.

Тараз маңында бау-бақша серіктестіктері өткен ғасырдың 70-ші жылдары пайда болған еді. Уақыт өте келе ауқымы ұлғайып, мұнда ондаған саяжай алабтары пайда болды. Көптеген жамбылдықтар мен қоныс аударушылар үшін саяжай телімдері негізгі тұрғылықты жері мен табыс көзіне айналды.

Тараз халқының өсуі облыс орталығының шекарасын жақын маңдағы аудандар мен саяжай алабтарының аумақтары есебінен кеңейту қажеттігін туғызды. Осылайша 2010 жылы қалаға Байзақ және Жамбыл аудандары жерлерінің бір бөлігі, сондай-ақ 50 саяжай алабы берілді. Облыс орталығының аумағы 12 833 гектардан 18 787 гектарға дейін кеңейді.

Тараз қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайрат Исмаил тілшіге хабарлағандай, қазір бұл тұрғын үй алабтары инженерлік инфрақұрылыммен – сумен, газбен және электрмен белсенді қамтамасыз етілуде. Саяжайлар мен қала орталығын тұрақты автобус бағыттары байланыстырады.

Алайда бұрынғы саяжай телімдерін жекеменшікке ресімдеуде проблемалар туындады. Сондықтан мамандар халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

“Бұрын жұрт бұл аумақтарда саяжай шаруашылығын жүргізген. Ал қазір бұл телімдер қала құрамында және иелері оларды жеке тұрғын үй құрылысы үшін немесе қосалқы шаруашылық жүргізу үшін пайдалана алады. Егер бұрын бұл жерлер жалға алынған болса дәне жазғы коттедж ретінде пайдаланылса, қазір жекеменшік құқығы берілуде. Дегенмен мұндай құқық бұл адам бұған дейін мемлекеттен жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер телімін алмаған жағдайда ғана беріледі. Сондықтан олар қосалқы шаруашылық жүргізу үшін немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін өз телімдерін қайта тіркеуі тиіс”, – деп түсіндірді спикер.

Оның айтуынша, кейбір бұрынғы саяжайларда бақша кітаптарын жалғандық жолмен алу фактілері бар.

“Жеке тұрғын үй құрылысына жеке құқықты ресімдеу үшін осылай жасайды. Олар бірнеше жыл бұрын бақша теліміне ие болған, бау-бақша серіктестіктерінде, кооперативтерде болған және осы негізде жалған бақша кітаптарын алуға тырысады. Осыған байланысты телімдерді ресімдеу жұмыстары әлі де тоқтап тұр. Жұмыс тобы құжаттарды, бақша кітапшаларын зерделеуде. Мұрағатқа тапсырылған құжаттарды сұратуда. Дегенмен жер телімдерін заңды ресімдеу мәселесін тез арада шешеміз деп үміттенеміз”, – деді Қайрат Исмаил.

Қала билігі жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу аймақ үшін маңызды мәселе – жаңа тұрғын үй алабтары мәселесін шешуге, Тараз қаласының шекарасына енген жаңа аумақтарды дамытуға көмектеседі деп үміттенеді.

Тараз қаласы халқының саны 368 183 адамды құрайды, бұл Жамбыл облысы халқының жалпы санының 31,9%-ы. Тәуелсіздік жылдары Таразда “Астана”, “Бәйтерек” сынды символикалық атаулар берілген жаңа шағын аудандар пайда болды. Облыс орталығының батыс шетіндегі шөлейт жерлерде бой көтерген тұрғын алабтардың бүгінде тиісті инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандары бар.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика