Қазақстан Республикасы Президенті халыққа арналған Жолдауында азаматтардың құқықтарын дер кезінде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық процестің үш буынды моделін жүргізуді тапсырды.
Аталған тапсырманы орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 31 желтоқсанда Заңымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Өткен жылдың соңынан бастап ІІМ мен прокуратура осы модель аясында қылмыстық процеске заңсыз араласуды болдырмайтын жобаларды іске қосты.
Әуелден полиция қызметкерлері қылмысты анықтап, күдіктілерді тауып, айғақ жинаумен айналысады. Ал прокурор – осы айғақ-дәлелдемелерге тәуелсіз баға беріп, тергеу барысында азаматтар құқықтарының бұзылуына жол бермейді. Яғни, тұлғалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылу заңдылығын қадағалап, сотта айыптау жағын қолдауға міндетті. Ал судья полиция мен прокурор ұсынған мәліметтерді сараптай келе, соңғы шешім шығарады.
Осымен әр органның нақты міндеттері айқындалған.
Үш буынды модель – адам құқын қорғаудың заманауи үлгісі. Басқаша айтқанда бұл – полиция, прокуратура мен соттың алдына қойылған жаңа талап. Демек қылмыстық процестің жаңа форматы құқық қорғау органдарының жұмысындағы айыптау бағытын жоюға мүмкіндік беріп әр қылмыскердің әрекетіне объективті түрде баға берілетіні анық.
Тараз қаласы прокуратураысының
қылмыстық қудалау бөлімінің
прокуроры
А.Сейдалиев