среда, 11 декабря 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
15:08, 25 July 2021

Аймақ басшысы ауылдықтардың ахуалына қанықты


Бүгінде Жамбыл облысында жем-шөп әзірлеу, суармалы сумен қамту, бағаны тұрақтандыру, көкөніс сақтау қоймаларының мүмкіншілігін арттыру бойынша нақты шаралар қолға алынған. Осы орайда облыс əкімі Бердібек Сапарбаев аудандарға арнайы барып, тиісті жұмыстармен танысуда. Бұл жолы аймақ басшысының жұмыс сапары Жамбыл аудандарында жалғасып, ондағы құрылыс нысандарын аралап, ауыл халқымен кездесіп, көкөніс алқаптары мен егін орағы науқанының жай-күйіне қанықты. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдерін сайлауға әзірлік шаралары да назарға алынды.

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары түстен кейін Жамбыл ауданында жалғасты. Мұнда да аймақ басшысы құрылысы жүріп жатқан каналдардың жəне егіс алқаптарының жай-күйімен танысты. Алдымен Аса ауылындағы «Қуат» каналын көрді. Ұзындығы 12,9 шақырымды құрайтын каналды  «Толағай-2050» ЖШС тазалап шыққан. Канал бетондалар болса, оның суы 1232 гектар алқапты ылғалдандыруға жетеді екен.

Аудан əкімі Сəкен Арубаевтың айтуынша, қазіргі таңда каналда 700 литр су жатыр. Канал 575 гектар алқапты ылғалдандыруда. Аудандағы суармалы егіс көлемін екі есеге арттыру үшін осы каналды бетондау туралы ұсыныс көтерілді. Айшабибі ауылдық округіндегі «Бошақай» каналының жұмысымен де назардан тыс қалған жоқ.

Келесі  кезекте Айшабибі ауылдық округіндегі «Айден Агро» шаруа қожалығының пияз жəне бидай егістік алқаптарын көрді. Жалпы округте пиаз – 600 гектар алқапқа егілген. Округте 3908 гектар «Исмайл» жəне «Райс» каналдары арқылы ылғалдандырылуда. Қожалық жетекшісі Зайнуддин Мусаев биыл 32 гектарға пияз, 32 гектарға бидай егіпті.

Ауданда барлығы 108 канал бар десек, бүгінде оның 96 каналына тазалау жұмыстары жүргізілген. Аудан басшылығы  суару науқаны аяқталғанда кейбір тұстарды қайта жөндеуді, каналдың басын бетондауды сұрады.

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданындағы каналдардың жұмысын зерделей келіп, кездесіп отырған түйткілді мәселелердің оң шешімін табуға ықпал ететіндігін жеткізді.

 

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика