пятница, 26 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
3:10, 27 October 2022

Жамбыл полицейлері 88 жастағы тұрғыннан ұрланған ақша, коллекциялық монеталар мен баянды тауып берді


Жамбыл полицейлері 88 жастағы тұрғыннан ұрланған ақша, коллекциялық монеталар мен баянды тауып берді, деп хабарлайды ec-sport.kz

Тараз қалалық Полиция басқармасына 88 жастағы тұрғын арызданған. Ол арызында,  сағат 20.00- 23.00 шамасында өзі болмаған кезінде үйінен коллекциялық монеталарды, баян музыкалық аспабын және көптеген жылдар бойы жинаған 647 000 теңге ақшасының ұрланғанын айтқан. Ол әсіресе монеталар мен баянды табуды сұрады, өйткені аспапта ойнау оның бос уақытындағы сүйікті ісі екен.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар  51 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол қарт кісінің ұлының досы болып шықты. Ер адам өз кінәсін толық мойындады.

Барлық заттай дәлелдемелер алынып, сараптама тағайындалды.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика