Саян Ахметжанов облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысына қатысты, хабарлайды ec-sport.kz.
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысына қатысты.
Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау, мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган басшылары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы қала/аудан әкімдері қатысты.
Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі күн тәртібінде қаралатын мәселелерге кеңінен тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын -алу шараларын нығайту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін айрықша атап өтті.
Алғашқы сөз кезегін алған Саян Ахметжанов Агенттік әр аймақта белең алған жемқорлық фактілерінің негізінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер Картасын әзірлегенін жеткізіп, Жамбыл облысының тәуекелдер картасына өңірде жемқорлық жиі ұшырасатын салалар мен шешімін таппай келген түйткілді мәселелердің енгізілгенін баяндады.
“Мәселен, ауыз сумен қамтамасыз ету және суару мәселелерін шешу үшін «Раис» каналын реконструкциялау кезіндегі қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу, «Барысхан» массивіндегі үйлерді ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырларындағы ақауларды жою бойынша шаралар қолға алынды. Жол құрылысы саласында 15 объектінің (сомасы 144 млн. теңге) орташа жөндеу жұмыстары кезінде үстеме шығыстар көрсету, сметалық пайданы асыра бағалау тәрізді деректер мен мердігер мекемелердің сапасыз жұмыстары анықталды. Бұл жүргізілген жұмыстардың толық тізімі емес, Сіздермен бірлесіп атқарылатын бастамалар да жетелік. Жалпы, бұндай тәсіл жемқорлыққа қарсы күресті әлсіретпейді. Керісінше, алдын-ала жұмыс жасау арқылы, тиімді әрекет етуге бағыттайды”, – Саян Ахметжанов.
Сондай-ақ, қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлығы үшін Жамбыл облысы бойынша отставкасы қаралу сатысында тұрған бірқатар лауазымды тұлғаларды атап өтіп, облыс әкіміне аталған тұлғалардың жауапкершілігін заң шеңберінде қарауды және тәртіптік жауапкершілікке тарту жазасымен шектелмей, басшыларды құқықбұзушылық деңгейіне қарай тиісті жауапкершілікке тартуды ұсынды.
Жүргізу тәртібімен келесі кезекте Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасарының м.у.а Даурен Омаров сөз алып, халықтың проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған аталмыш Карта аясында аумақтық департаментпен атқарылған жұмыстарды баяндап, жиынға қатысушылар назарына карта бойынша арнайы әзірленген презентациялық проектті ұсынды.
Жиын соңын қортындылаған өңір басшысы аудан/қала әкімдеріне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жол берген әрбір тұлғаның жауапкершілігі ескерусіз қалмайтынын қатаң ескертіп, күн тәртібінде қаралған салалар мен мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.