Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай облысымызда алғаш рет қолға алынған «Жомарт түлек» жобасының маңыздылығы жоғары.
Жоба аясында Тараз қаласының мектептерінде тұңғыш рет «Белсенді түлектер», «Түлек жолы», «Менің идеалым» кіші жобалары жүзеге асырылуда.
Барлығы 14 млрд. тенге көмек көрсетілді.
«Мейірім» жобасы аясында қаладағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, мамандық алып жұмысқа орналастыру, отбасын құру, тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде.
Бүгінгі күні Тараз қаласында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 583 бала тіркелген (қорғаншылық және қамқоршылықта – 346 бала, патронаттық тәрбиеде – 81 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйінде – 18 бала, қабылдаушы отбасында- 5 бала, балалар үйінде -133).
Қамқоршылық пен демеушілер арасында Тараз қаласы бойынша 205 балаға әлеуметтік келісім-шарт жасалып, әр баланың атына “Отбасы банк” АҚ-нан жеке есеп шоттар ашылып жалпы 14 млн 57 мың теңге аударылды.