«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында кері байланыс күшейтілді.
Қала әкімдігі мен барлық мемлекеттік орган басшыларының тұрғындармен байланысын нығайту және халықтың көкейіндегі мәселелерді шешу үшін ағымдағы жылғы 28 мамыр мен 17 қыркүйек аралығында әрбір жұма сайын 11 аумақтық округтерде және «Шөлдала», «Қызыл-Абад» шағын аудандары мен «Барысхан», «Қайнар» тұрғын алқаптарында көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізілді.
Көтерілген мәселелердің басым көпшілігі көше жолдарын жөндеу, электр жарығы, қоғамдық көлік және тұрғын үй саласына қатысты. Онда көтерілген мәселелер оң шешімін тауып, қосымша уақытты, қаражатты талап ететін мәселелерге қатысты «Жол картасы» әзірленді.
«Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде қала әкімдігі бөлімдері мен оған қарасты мекеме басшыларының тікелей эфирде апта сайын сұхбат беруі ұйымдастырылды.