пятница, 26 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
16:48, 23 September 2022

Мен әжемін ұрпағын әлдилеген


Бүгін Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Мен әжемін ұрпағын әлдилеген» атты әжелер байқауы өтті, деп хабарлайды “Эк-спорт” АА.
Тараз қалалық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған байқауда 5 қатысушы, 5 кезең бойынша бақ сынасты. Ардақты әжелердің өнегесін үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысты.
– Ардагерлерге құрмет көрсету біздің перзенттік парызымыз. Үлкеннен ізет, кішіден құрмет – бабадан балаға жеткен ұлағатты іс, қаймағы бұзылмаған дәстүр. Ардагерлердің ел үшін сіңірген еңбегі орасан. Ұлттың өсіп өркендеуіне, ұрпақтың тәрбиесіне үлгі-өнеге болып отырғандар да осы үлкендер. Аналарымызға мың алғыс айтқым келеді. Қазыналы қарияларымыздың деніне саулық тілейміз, – деді қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил.


Сайыста әжелер өз өнерлерін ортаға салып, немерелерінің құшағында дөңгелене би билеп, ән салып, өлең оқыды. Қолөнер бұйымдарын таныстырып, бірі сырмақ тігіп алып келсе, енді бірі қазақи ою-өрнекпен әдіптелген қос етек көйлек пен қамзолын ұсынды. Одан бөлек ақ әжелер ұлттық тағамдарды әзірлеу жолдарын да көрсетті. Сонымен қатар қазақы салт-дәстүрлерден қойылған көріністері көрерменге тарту етілді. Ұлттық құндылық насихатталған шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Об авторе: Нагима Ажигулова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика