воскресенье, 28 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
17:28, 26 July 2023

Сенат депутаты ауданда


Апта басында ауданымызға Сенат депутаты Сәкен Арубаев жұмыс сапарымен, ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді.

Әуелі “Ақтоған” шаруа қожалығының барып, шаруашылық басшысымен сұхбаттасып, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер туралы ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Аталған шаруа қожалық бүгінде 50 азаматты жұмыспен қамтып, жоғары сұранысқа ие 25 түрлі макарон өнімдерін шығарады.

Келесі кезекте Көгершін елді мекенінде “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында бой көтерген заманауи спорттық-сауықтыру кешенін көрді.

Аталған спорт нысаны тамыз айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Кешенде волейбол, баскетбол, футбол және басқа да спорт үйірмелерімен қамтылатын болады.

Сәкен Қаланұлы келесі кезекте Жақсылық ауылында жақында ғана қолданысқа берілген 75 орынды “Нұр-Ай” бөбекжай бақшасының жұмысын көріп, бөбекжайдағы жатын, асхана бөлмелерін аралап шықты.

Және жұмыс жоспарына сәйкес Құлан ауылындағы құрылысы жүріп жатқан 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын көріп, мердігерлермен тілдесті.

Жұмыс сапарының соңында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдады.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика