понедельник, 14 октября 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
12:56, 04 July 2022

Тараздықтарға қаланың Бас жоспарына өз ұсыныстарын енгізуді ұсынды


Тараз дамып, шекарасын кеңейтуде және жаңаруда. Осыған орай жергілікті билік қаланы дамытудың Бас жоспарына түзетулер енгізуді ойластыруда, деп хабарлайды ec-sport.kz.
Внести свои предложения в генеральный план развития города предложили жителяи Тараза

Тараз қаласы әкімдігінің медиа қызметі хабарлағандай, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі “Тараз қаласының Бас жоспарын түзету” жобасының таныстырылымын жариялады.

Облыс орталығының жаңартылған Бас жоспары жобасының тұсаукесері 2022 жылдың 4-шілдесінде сағат 11.00-де Тараз қаласында Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде өтеді.

“Жамбыл облысы мен Тараз қаласының кез-келген мүдделі тұрғыны екі апта бойы Мәдениет үйі ғимаратының фойесінде орналастырылатын Бас жоспардың жобасымен таныса алады. Көлік магистральдарын ұйымдастыру, тұрғын үй кешендерін салу, көпшілік демалатын орындарды ұйымдастыру, саябақтар мен гүл бақтарын дамыту жөнінде қандай да бір идеясы бар қаланың кез келген тұрғыны өз ұсыныстары мен тілектерін қалдыра алады. Олардың барлығы қарастырылып, ең үздіктері ескерілетін болады”.

Ұсыныстар 2022 жылдың 18-шілдесіне дейін қабылданады.

Бұған дейін жаңартылған Бас жоспардың тұсаукесері Тараз қаласында 2017 жылдың сәуір айында өткен болатын. Онда облыс орталығына солтүстік жағынан кіреберісте, Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының бойында пайда болатын жаңа 14-ші шағын ауданның жұмыс макеті ұсынылды.

2025 жылға дейін қабылданған Тараз қаласының Бас жоспарында қаланы жақын орналасқан аудандардың алты мың гектарға жуық жерін кіргізіп, солтүстік-батыс бағытта кеңейту, сондай-ақ Талас өзенінің жағалауын қалалық ортаға қосу және онда рекреациялық аймақ құру көзделген. Жалпы 462 гектар жерге жаңа заманауи көпқабатты үйлер мен барлық тиісті инфрақұрылымы бар 14 және 15-шағын аудандарды орналастыру, 355 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда.

Тәуелсіздік жылдары облыс орталығының батыс шетіндегі шөлейт жерлерде “Астана” (12-ші) және “Бәйтерек” (13-ші) деген символикалық атаулары бар көпқабатты шағын аудандар пайда болды. Бұл тұрғын үй алабтарында тиісті инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандар арастырылған.

Тараз бүгінде – индустриалды және туристік орталыққа айналған тарихи қала. Шаһардың әлеуетті инвесторлар үшін тартымды жақтары ретінде облыс орталығының жалпы Жамбыл облысы сияқты Еуразия құрлығының маңызды трансұлттық теміржол, автомобиль және авиация жолдарының қиылысында тиімді орналасқанын айтуға болады.

Об авторе: Венера Ахметжанова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика