суббота, 27 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
17:56, 04 July 2022

Жамбылдық студенттер мен оқушыларға есірткі қауіптілігі туралы фильм көрсетілді


Тараз кинотеатрында мектеп оқушылары мен колледж студенттері есірткі заттарының қауіптілігі туралы “Тұздар мен Спайстар”, “Ешқайда жол жоқ” фильмдерін тамашалады, деп хабарлайды «Эк-спорт» АА.

Аталмыш кинокөрсетілімді  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Облыстық кино орталығы және Білім басқармасының қолдауымен Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды.

Фильмде нашақорлармен жұмыс істейтін мамандар синтетикалық есірткіге тәуелділіктің қандай зияндылықтар әкелетіні туралы өмірден нақты мысалдар келтіре отырып баяндайды.

– Бізге жастардың назарын нашақорлық мәселесіне аудару маңызды. Әрбір жасөспірім, шын мәнінде, қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін. Бүгінгі таңда синтетикалық есірткі үнемі әр түрге өзгеріп отырады.  Жастар өздерін және басқаларды тек қызығушылық деп алдайды. Алайда наркологтар бір жылдан бері синтетикаға тәуелділіктің бірден пайда болатыны туралы дабыл қағуда. Сондықтан әуестенбес бұрын оның салдары туралы жүз рет ойлану керек. Есірткі “ауыр” немесе “жеңіл” болмайды. Оған тәуелді адамға “бір жақты  ғана билет” кепілдендірілген. Осыған байланысты, ата-аналарды балаларының баратын, көретін интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді назарға алып, жіті бақылауға шақырамыз, – дейді Жамбыл облысы ПД ЕҚІҚБ бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.

Об авторе: Жанна Сулеймани


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика