суббота, 20 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
16:59, 12 July 2022

Таразда ауадан зиянды заттардың артық мөлшері анықталған жоқ 


Дүйсенбі, сағат 20.00-де «Казфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында қысқа мерзімді түтіндік шығарылым орын алды.
Бұл бойынша облыс әкімінің тапсырмасымен шұғыл экологтар, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары және басқа да жауапты тұлғалардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет басқарады.
Жамбыл облыстық экология департаменті Тараз қаласындағы Сүлейменов көшесінде ШРК (шекті рұқсат етілген концентрация) бойынша өлшеу жүргізді. Нәтижесінде аммиак пен күкіртті сутегі бойынша ШРК мөлшерінен аспағандығы анықталған. Фтор қосылыстарының аздап жоғарылауы байқалған.
Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Шайқорық ауылында да зерделеу жүргізілген. ШРК артуы анықталған жоқ.
Тараз қаласының Сәтбаев көшесінде орналасқан «Қазгидромет» РМК автоматтандырылған станциясының мәліметінше, ауадан зияндылығы жоғары заттар табылмаған.
Тараз қаласының тұрғындарының денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.  Қазіргі уақытта түтін басылған.
Ертең экология департаментімен қосымша ақпараттар ұсынылатын болады.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика