Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орын алған табиғи өрт апатына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы өрт салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету акциясы ұйымдастырып бастағаны туралы хабарлайды.
4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстардың Достық үйлеріндегі волонтерлік орталықтардың базасында қаражат пен қажетті заттарды жинау үшін жедел штабтар құрылды.
Келіп түскен ақпарат бойынша эвакуацияланған азаматтар азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және төсек-орынмен қамтамасыз етілген.
Зардап шеккен азаматтарға үйлерін, қожалықтарын, киімдері мен тұрмысқа керек заттарын қалпына келтіру қажет.
Бұл жұмысты үйлестіру «Қоғамдық келісім» РММ-ға жүктелді.
Гуманитарлық көмекті жинау (киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар, төсек-орын жабдықтары) кезінде туындаған сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-705-558-05-08 – Рамазанова Наталья Сергеевна, Қостанай облысының әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ Қоғамдық даму департаментінің басшысы.
Қостанай облысында өрт кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірыңғай қоғамдық қор анықталды.
* “Қайырымдылық KZ”ҚҚ*
БСН 220640046689
ЖСК KZ82601 A22100 1568 401
“Қазақстан Халық банкі” АҚ БСК HSBKKZKX
Кбе 18Алаяқтық фактілерін болдырмау, зардап шеккендерге көмек түрінде қаражат жинау үшін барлық ниет білдірушілерден көмек көрсетуді, оны жоғарыда көрсетілген деректемелерге аударуды сұраймыз.