вторник, 23 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
16:52, 06 September 2021

«ALTYN ALMA»: 50 га жеміс-жидек жұмағы


Жамбыл облысы Жамбыл ауданының ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қарқынды бау-бақша өндірісін дамытуда, деп хабарлады ec-sport.kz порталы.

Жамбыл ауданының 50 га құнарлы жерінде нағыз жеміс жұмағы – орасан зор алма бауы орналасқан.

Оған Қаракемер ауылдық округінің 10 отбасы – түрлі кәсіп пен жастағы адамдары жиналып, жаңа озық технологияны қолдана отырып өз бауын құру туралы шешім қабылдауы негіз болған еді. 2015 жылы олар өздерінің ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құрды, бүгінде олар лизинг алушылар болып табыладй.

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы мемлекеттік қолдаудың арқасында қаракемерліктер өздерінің сүйікті ісімен – жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысуға мүмкіндік алды.

«Алтын Алма» ауылшаруашылық кооперативі негізінен алма бауын қарқынды өсірумен айналысады. Интенсивті бақтың заманауи технологиясы егілгеннен кейін 3-4 жыл ішінде мол өнім алуға мүмкіндік береді. Дәстүрлі баулардың орташа өнімділігі 1 гектарға 5-10 тонна болса, қарқынды бақ 70 тоннаға дейін жеміс бере алады. Алма ағаштарының аласалығы өнім жинауды жеңілдетіп, зиянкестерден қорғауға, көшеттерді барынша тығыз отырғызуға, суарудың инновациялық технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.

«Эк-Спорт» порталының тілшілері Жамбыл ауданында болып, «Алтын Алма» АӨК төрағасы Ұлбала Құлыбековамен кездесті.

— Мен мамандығым бойынша мұғаліммін, қазір зейнеттемін, алма бауын өсірумен айналысамын, – деді ол. – Бұл біздің Құмтиын ауылындағы бақшамыз, мұнда алманың бес сорты өсірілуде. Біз төртінші жыл жұмыс істеп жатырмыз. Ауа райының қолайсыздығынан екі жыл бойы өнім ала алмадық. Биыл судың молдығы арқасында өнім өте жақсы. Негізінен тамшылатып суаруды қолданамыз. Суару күн сайын толтырылып тұратын мына цистерналар арқылы 20 сағат бойы жүргізіледі. Біздің өміріміздің өзегі – су. Арнайы техникаларды, тракторларды – мүмкін болғанның бәрін пайдаланамыз. Интенсивті бақ жүйесінде бізде алмаағаш тіреулері, күн мен бұршақтан қорғайтын арнаулы торлар бар.

Өсірілген өнімді қалай өткеретіндері туралы өзекті сұрағымызға Ұлбала Құлыбекова өнімді негізінен делдалдар арқылы сататынын айтты.

– Олар бізден арзанырақ алып, нарықта қымбатырақ сатуға тырысады. Биыл біз өте жақсы өнім алып отырмыз. Ең үлкен мақсатымыздың өзі – мол өнім алып, тұрғындарымызды өз алмамызбен қамтамасыз ету ғой. Біздің маңдай теріміз осы дәмді, шырынды және әдемі жемістерде…

Биыл шаруашылық орта есеппен екі мың тоннаға дейін жеміс жинауды жоспарлап отыр. Жоба аясында 40 жұмыс орны ашылған. Жобаның жалпы құны 471,6 млн. теңгені құрайды.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика