суббота, 20 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
11:07, 21 March 2021

Жарық болсын айналаң! – Жамбыл облысының қалалары қалай жарықтандырылған


Сарысу ауданындағы өзінің жарты ғасырдан сәл асатын ғұмырында құлдырауды да, өрлеуді де басынан өткерген Жаңатас қаласы қайта жаңғыруда, деп хабарлайды ec-sport.kz порталы.

Жаңатас Жамбыл облысының картасында өткен ғасырдың 60-шы жылдары Қаратау-Жаңатас фосфорит бассейні белсенді игеріліп, аймақта «үлкен химия» дамытыла бастағанда пайда болды. Бірнеше жыл бұрын ғана бұл қала депрессивтілер қатарында еді. Дегенмен моноқалаларды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, «Казфосфат» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі және әлемде теңдесі жоқ, болашағы зор тау-кен кешені жобасын жүзеге асырып жатқан халықаралық минералды-химиялық «ЕвроХим» компаниясының келуі Қазақстанның оңтүстігіндегі кеншілер қаласына жан бітірді.

Бүгінде Жаңатас қаласының көшелері кешкі және түнгі уақыттарда жаппай жарықтандырылған. Көшелер ғана емес, кешкілік көпқабатты әр үйдің маңында жарық шамдары жанады. Үй тұрғындары өздерінің қапырық пәтерлерін тастап, таза ауамен тыныстау, спортпен айналысу, көршілерімен әңгіме-дүкен құру үшін сыртқа шығады. Балалар мен жастар үшін тіптен рахат, ата-аналары үйлеріне кіргізе алмай әлек болады.

Жылдар бойы тұрғындарды тұнжыратып келген көше жарығының болмауы мәселесі 2020 жылы жазда Сарысу ауданының басшылығына бүгінде экс-әкім Бақытжан Жақсылықовтың келуімен қысқа уақытта шешімін тапты.

Өңір проблемаларын ішінен білетін шенеунік оларды шешуге көмектеседі деп сенген жергілікті халық Сарысудың тумасы Бақытжан Жақсылықовтың өзінің туған ауданына басшылыққа келуін жылы қабылдағанын айта кеткен жөн.

Портал тілшісіне аудандық әкімдікте айтқандай, аудан әкімінің бастамасымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында Жаңатастағы көпқабатты 83 үйдің ауласында 436 жарықдиодты шам орнатылды. Сонымен қатар көшелердің бойында бірқатар жарықдиодты лайтбокстар орнатылып, аркалар халық мақал-мәтелдері жазылған кермелермен жарықтандырылды.

Қала тұрғындары Бақытжан Жақсылықовқа қалада кешкі және түнгі уақыттарда қауіптенбей жүре алатындықтары үшін ризашылықтарын білдіруде.

Жарықтандырылу деңгейі жағынан Жаңатас пен Таразды салыстыратын болсақ, өкінішке қарай бұл бәсекеде шеткері аймақтары мен бұрылыстары ғана емес, орталығының кейбір көшелері де түнекке оранған облыс орталығының ұтылатынын көреміз.

Тараз мөлтек аудандарының елеулі бөлігінде, орталық Қонаев, Сейфуллин, Қойгелді көшелерінің бойында жарық жоқ. Ал бұрылыстардың тұрғындары көше шамдарының соңғы рет қашан жанғанын да ұмытқан.

Кей жағдайда, тіпті, орталық Төле би даңғылының өзі түнекке оранады, түнделетіп үйлеріне асығып бара жатқан бірен-саран жүргіншілердің жолын көшеде жүйіткіп өткен автокөліктердің шамы ғана жарықтандырады.

Об авторе: Эк-Спорт


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика