Яндекс.Метрика
пятница, 22 октября 2021   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
10:52, 31 March 2021

Жеңіс Сопбеков: ӨҢІРЛІК КЕҢЕС МҮШЕЛІГІНЕ КАНДИДАТ БОЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ 2 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ


18 наурызда Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Эк-спорт АА. Бұл туралы Жамбыл облысы  Өңірлік комиссия төрағасы, «Тараз техника және бизнес колледжі мекемесі» ЖШС директоры Жеңіс Сопбеков хабарлаған болатын.

«Жамбыл облысы ӨКП Өңірлік кеңес мүшелері өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдап, өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды сайлау өткізуді ұсынды. Белсенді азаматтық ұстанымы бар, өңір дамуына жанашырлықпен қарап, аудан, қала, облыста бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуда идеяларын ортаға салуға дайын барша кәсіпкерлерді Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидат болып, бәсекелестік сайлауға қатысуға шақырамыз», – деп үндеді Жеңіс Сопбеков.

Мүшелікке кандидат ретінде өңірде тіркелген кәсіпкерлер, ӨКП-да аккредиттелген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың атқарушы органдарының  және қауымдастықтардың басшылары және мүшелері арасынан іріктеледі.

Жеңіс Сопбеков Жамбыл облысы Өңірлік кеңесіне мүшелерді таңдау алғаш рет өтетінін хабарлады. Оның пікірінше, сайлау өткізу Өңірлік кеңес жұмысна оң әсер етіп, жаңа құрамға бизнес дамуына мүдделі, белсенді, табысты, өңірде беделді адамдарды тартуға мүмкіндік береді.

Сайлауға қатысуға құжаттарды Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы (Тараз қаласы, Төле би д-лы 93А, «Арай плаза» бизнес орталығы, 2-қабат) мекенжайына немесе онлайн форматта https://vote.atameken.kz/ жолдауға болады (vote.atameken.kz сайты 25.03.2021ж. жұмыс істейтін болады)

Кандидат келесі талаптарға сай келуі керек:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;
  • кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
  • өңірде жария тұлға болу;
  • кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;
  • бизнесінің тарихы оң болуы;
  • әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
  • облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;
  • сотталмаған – Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.
  • қауымдастық (одақ) өзін-өзі реттейтін ұйымның бірінші жетекшісі немесе атқарушы орган мүшесі болу.

Толық ақпарат vote.atameken.kz сайтында немесе 1432 байланыс орталығынан алуға болады. Сайлаудың ашық өтуі үшін құрамына бизнес және қауымдастықтардың өкілдері кіретін комиссия жұмыс істейді.

Кандидатты тіркеу, құжат қабылдау 18 наурыз бен 2 сәуір аралығында өтеді, 6-10 сәуір аралығында үгіт-насихат науқаны жүріп, 12-16 сәуір аралығында онлайн дауыс беру өтеді.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының байланыс нөмірі: 8 /7262/ 555 904.

Айта кетелік, 2021 жылдың 1 наурызында Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда жаңа құрамды сайлау үшін  өңірлік кеңес қолданыстағы құрамын  тарату туралы  шешімді  бірауыздан қабылдады.

Өңірлік кеңес экономиканың кәсіпкерлік секторын шоғырландыру,  өсіру және дамыту масатында 2013 жылы құрылған.

Өңірлік кеңестің негізгі міндеттері жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында қалада жұмыс істейтін жеке кәсіпорындар мен олардың бірлестіктерін біріктіру; жергілікті басқару органдарының және бизнес-қауымдастықтардың келісілген инвестициялық саясатына көмектесу; инвестициялық ахуалды жақсарту және аймақтағы кәсіпкерліктің одан әрі өсуі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу; Әкімшілік кедергілерді азайтудан бастап қаржы институттардың мүмкіндігін ескере отырып, қаржы мәселелерін шешуге дейін – бизнестің барлық саласында кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.

Өңірлік кеңес Өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта көмек көрсетеді; басқару органдарымен қабылданған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға атсалысады; «Атамекен» ҚР ҰКП Съезінде делегаттарды сайлайды; өңірлік палата мен палатаның филиалдары қызметі аясында Ұлттық палатаның мақсаттары мен міндеттерінің орындалу барысын бақылайды;  өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторлары мүдделерін ескеруді қарастырады; Съезде Ұлттық палата қызметі тиімділігіне қатысты ұсыныстар енгізеді; кәсіпкерлік мәселелері жөнінде қоғамдық тыңдау өткізеді; өңірлік кәсіпкерлер палатасының жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген басқа да мәслелерді шешеді.

Бүгінгі таңда Кеңес мүшелері Жамбыл облысының барлық консультативтік-кеңесші органдарына облыстық және аймақтық деңгейде қатысады. Сондай-ақ, Өңірлік кеңес Кәсіпкерлер палатасының дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі; басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттардың іске асырылуына жәрдемдеседі.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы бекіткен квотаға сәйкес Жамбыл облысының Өңірлік Кеңесіне 28 адам таңдалады.

Айта кетейік, Жамбыл облыстық Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы құрылғанға дейін бұрынғы құрам өз өкілеттіктерін жүзеге асыруды жалғастырады. Облыстың әрбір кәсіпкері өз саласының кандидатына дауыс беру арқылы өз позициясын білдіруге мүмкіндік алады.

Об авторе: Нуралы Абдуалиев


Leave a Reply

© 2021 Эк-Спорт