Яндекс.Метрика
пятница, 22 октября 2021   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
7:40, 29 March 2021

«ЕвроХим» компаниясының «Ақылды карьері» қалай жұмыс істейді


Аса ірі «ЕвроХим» халықаралық минералды-химия компаниясы Жамбыл облысының Сарысу ауданында өндіріс қарқынын артыруда, деп хабарлайды ec-sport.kz порталы.

Еске сала кетейік, аса ірі «ЕвроХим» халықаралық минералды-химия компаниясы 2010 жылдан бері инвестжоспарды жүзеге асыру аясында Қаратау-Жаңатас фосфорит бассейніндегі бірқатар кен орындарын игеруде. Сонымен қатар жоғары сапалы фосфорит концентратын өндіруге арналған кен байыту кешенін және минералды тыңайтқыштардың кең ауқымы өндірілетін ірі зауыт салып жатыр.

Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыттың құрылысына салынатын инвестиция 1 миллиард долларды құрап, 900-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.

«ЕвроХим-Удобрения» компаниясы кен өндіру ауқымын 2019 жылмен салыстырғанда 26,6 пайызға арттырып, фосфоритті ұн өндірісін 2020 жылы 622100 тоннаға жеткізді. Бұл 2019 жылға қарағанда 5 мың тоннаға артық. Компанияның әлеуметтік аударымдары өткен жылы жалпы 10 миллиард теңгеден асты.

Алдыңғы қатарлы әлемдік компаниялардың өндірісті компьютерлік басқару жүйелерін енгізу жөніндегі озық тәжірибелері «ЕвроХим-Удобрения» кәсіпорынында да табысты жұмыс істеуде. Кенді өндіру, өңдеу және жөнелту өндірістік процесіне «Ақылды карьер» жүйесі енгізілген.

Кәсіпорында болып қайтқан портал тілшілеріне бұл жүйенің қыр-сыры туралы «ЕвроХим-Удобрения» ЖШС-ы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Болат Каримов әңгімелеп те, көрсетіп те берді. Оның айтуынша, фосфор кені өндіріліп жатқан карьерлердегі техникалардың қозғалысын кәсіпорынның диспетчерлік орталығынан онлайн режимде қадағалауға болады. Сондай-ақ жанармай шығынын, кен өндіру барысын, оның өңдеуші кешенге жеткізілуін, соңғы кезең – дайын өнімнің жүк вагондарына тиелуін бақылап отыруға да мүмкіндік бар.

Нұрдәулет, ауысым бастығы:

– Кенді өндіруден бастап, дайын өнімді жөнелтуге дейінгі барлық өндірістік процестер осы жерден басқарылады. Техниканың жүк тиеуі, дизель отынын шығындауы, қозғалысы, жылдамдығына дейінгі және барлық таукөлік технологиялық құрал-жабдықтарының басқа да сипаттамаларына толық мониторинг жүргізіледі. Ауысым бастығы барлық өндірістік процестерге басшылық етеді, барлық технологиялық параметрлерді, өнімділікті қадағалайды. Сол жақтағы шеткі экраннан тікелей фосфоритті ұнның өндірілу процесін көріп отырсыз. Мұнда уатып, үгіту үшін бункерге салудан бастап, дайын өнімді түпкілікті тиеуге дейінгі барлық технологиялық процесті көруге болады. Егер күтпеген жағдай туындаса аларм қосылады да ауысым бастығы жағдайға қарай әрекет етеді.

Өндірістік-техникалық бөлімнің аға ауысым басшысы Олеся Кириченко:

– Толық бақылау осы жерден жүзеге асырылады. Кенді өндіру мен тасымалдаудан бастап, вагондарға түпкілікті тиегенге дейінгі барлық сәтті біз мониторлардан көріп отырамыз. Өндіру қай забойда жүріп жатыр, көлік қандай салмақтағы жүкті тасымалдауда, т.с.с., көліктің бәрін қадағалап отырамыз. Егер әлдебір нәрсе сәйкес келмей қалса, дереу шұғыл байланыс іске қосылады.Ауысым бастығы шеберлермен байланысады, фабрикада учаске операторлары бар – бәрі үйлестіріліп отырады.

«ЕвроХим-Удобрения» ЖШС-ы бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары кәсіпорынның даму келешегі туралы да айтып берді. Өз әңгімесін қазір бар нысандар да, келешекте салынатын нысандар да жарқырай жанған шамдармен көрсетілген стенд арқылы нақтылай түсті.

– «ЕвроХим» компаниясының химия кешені қалай дамытылатыны бейнеленген бұл макет кезінде осында болған ел, облыс, аудан басшыларына көрсетілген, – дейді Болат Каримов. – Біздің химия кешенінің аумағында әкімшілік-тұрмыстық құрылыстар, фосфоритті ұн өндірісі учаскесі, фосфорит ұны тиеліп, темір жол арқылы жөнелтілетін «Рудничная» стансасы, сондай-ақ қоймалар мен басқа да жайлар бар. Келешекте, дамуымыздың екінші кезеңінде мұнда күкірт қышқылы, калии сульфаты, кальций фосфаты, кальций хлориді өндірілетін цех, сонымен қатар дайын химиялық гипс қоймасы салынатын болады.

Болат Каримов қазіргі кезде Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында 2020 жылы қабылданған жылдық қуаты миллион тоннаны құрайтын жаңа минералды тыңайтқыштар зауытын салу және пайдалану туралы жаңа үкіметаралық келісімді ратификациялау жүріп жатқанын айтты.

Об авторе: Эк-Спорт


Leave a Reply

© 2021 Эк-Спорт