пятница, 19 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
0:27, 26 July 2021

Қордай ауылының қарт тұрғыны Гусеин Наджафов туған жеріне бақ-береке тіледі


Жамбыл облысы Қордай ауданының ауылдық округтерінде сайлаушылар белсенді дауыс беруде, деп хабарлады ec-sport.kz порталы.

Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің айтуынша, аумақтық сайлау комиссиялары сайлаушылардың келуі туралы 18.00-де ұсынған мәліметтер бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 22275 (83,29%) адам сайлау бюллетенін алған. 16.00-ге бұл көрсеткіш 20750 (77,59%) адамды құраған болатын.

Соның ішінде Қордай ауылдық округінде 18.00-ге 18915 сайлаушы дауыс беріп қойды, бұл сайлаушылардың 83,24%-і, Степной ауылдық округінде – 2791 адам немесе 83,26% және Сұлутөр ауылдық округінде 569 адам, сайлаушылардың 85,31%-і дауыс берген.

Арал ауылында да сайлау учаскесі мектеп ғимаратында орналасқан. Медбикелер есік алдында дауыс беруге келіп жатқан адамдардың температураларын өлшеп, қолдарын дезинфекциялауда және медициналық маскалар беруде.

Азанмен алғашқылардың бірі болып жастарға үлгі көрсетіп сайлау учаскесіне ауылдың ең қарт тұрғыны Гусеин Наджафов келді. Ақсақал сайлауда өз қалауымен дауыс беріп, туған жеріне және барлық жерлестеріне бақ-береке тіледі. Оған кәдесый ұсынылды.

Көп балалы ана, еңбек ардагері Айсұлу Жайманова кандидаттарды бұрыннан білетінін айтады. «Бірқатарымен бірге жұмыс істедік, – дейді ардагер. – Жақсы адамдар, бізге әрдайым көмектесетін, менің ойымша ауылымызға көмектеседі. Ауылдан шыққан, барлық проблеманы жақсы білетін адам әкім болуы керек. Бұл ауылымыздың жан-жақты дамуына тың серпін береді деп үміттенемін».

Айта кетейік, Жамбыл облысының аумағындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы облыстың 89 сайлау учаскесінде 38 ауылдық округте өтуде. Сайлау процесі басталғалы Жамбыл облысының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына 122 кандидат ұсынылды. Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын «Партиялық емес бақылау орталығынан» 194 байқаушы бақылайды.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика