четверг, 25 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
9:23, 24 September 2022

Жамбыл облысында тұрғын үй құны екі есеге артты – сенатор


Бекболат Орынбеков әлеуметтік жағынан осал азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді
Сенатор Бекболат Орынбеков ел Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету мәселелері мен тұрғын үй секторында туындап отырған мәселелерге тоқталды.
Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда Жамбыл облысында 37 037 адам тұрғын үй кезегінде тұрса, оның 26 841-і халықтың әлеуметтік осал топтарынан. Кезекте тұрғандардың саны осындай көп болғандықтан, сенатор құрылыс компанияларының тұрғын үй құрылысына қызығушылығының төмендеуіне алаңдаулы.
«Бүгінгі таңда тұрғын үй салу кезінде қалыптасып отырған негізгі проблема, ол – нарықтағы материалдың бағасы. 2020 жылмен салыстырғанда 2022 жылы орта есеппен 1,8 есеге дейін өсіп, сметадағы құннан әлде қайда жоғары болып отыр. Осыған байланысты мердігерлер тарапынан тұрғын үй құрылысына қызығушылығы төмендеді. Атап айтқанда, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық – сметалық құжаттамалар бойынша және қайталама нарықтағы пәтерлердің 1 шаршы метрдің орташа құны – 294 мың теңге бұл мемлекетті бағдарламада бекітілген 160 мың теңге құнымен сәйкес келмейді», – деді сенатор.
Осыған байланысты депутат Жамбыл облысында жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру қағидаттарын қайта қарауды және облыстағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құнын 220 000 теңгеге дейін көтеруді, сондай-ақ құрылыс компанияларына аванс төлеуді ұсынып отыр.

Об авторе: Венера Ахметжанова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика