пятница, 13 декабря 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
13:33, 01 November 2022

Нұржан Нұржігітов Польша Республикасының бас консулымен кездесті


Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Юзеф Тымановскимен кездесу өткізді, деп хабарлайды ec-sport.kz.

Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың ағымдағы жағдайы мен алдағы жоспарларды талқылады. Кездесуде негізгі салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға, білім беру саласындағы байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Аймақ басшысы екі ел арасындағы өзара достық қарым-қатынасты атап өтті. 2021 жылы Польшадан Жамбыл облысына тауар импорты 14,6 пайызға өсіп, 1,8 миллион долларды құрады. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындаға өзара сауда-саттық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66,9 пайызға артып, 2,2 миллион долларды құрады. Облыста 1997 жылы құрылған поляк тілі мен мәдениетінің «Полонез» орталығы жұмыс істейді.

– Жамбыл облысы – экономикалық әлеуеті жоғары, табиғи ресурстарға бай агроөнеркәсіптік бағытта қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Өңірде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді,- деді Нұржан Нұржігітов.

Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы екі ел арасындағы, оның ішінде өңірлік деңгейде ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика