суббота, 20 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
19:01, 10 October 2022

Таразда қала күні кең көлемде атап өтілді


Салтанатты шараға облыс әкімі Н.Нұржігітов, қала әкімі Б.Орынбеков, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды “Эк-спорт” АА.
Меркелік кеш барысында еліміздің демографиялық жағдайына үлес қосқан 5 көпбалалы аналарға «Алтын алқа» марапаты табысталды.
1. Мүсралиева Айнур Абішқызы
2. Үсіпбекова Ұлбосын Орынбасарқызы
3. Түлебекова Гүлғайша Мырзақасымқызы
4. Мучиоглы Айша Мамедовна
5. Дәулеталиева Нұргул Бақытжанқызы.
Сондай-ақ Тараз шаһарының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірнеше азаматтарды Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Құрмет грамотасымен:
Молдыбаев Аманбай Шоңбайұлы – күйші, сазгер, ақын, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», Құрмет белгісінің иегері, Халықаралық БҰО- ның Құрмет Орденінің иегері, Республикалық «Дарын» сыйлығының иегері, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің доценті, «Құрметті профессоры»;

Аман Малдыбаев
Огобаев Нұрлан Жақанұлы – «Жамбыл су» мекемесінің жөндеуші -слесарь-ремонтнигі;
Ергешова Гулнар Аниязқызы – меншік иелерінің бірлестігінің басшысы;
Сағындықова Сайлаукүл Байбосынқызы – «Жасыл Ел – Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жол тазалығын сақтау учаскесінің жұмысшысы;
Сейдахметов Бекболат – 2009 жылдан бері Родничок алқабының кварталдық комитеттің төрағасы. Құрметті зейнеткер.
Алғыс хатпен:
Бакирова Гүлнар Абдуллақызы – №13 бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі;
Жақсылықов Ақтөре Қайратұлы – Тараз қалалық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тобының аға инспекторы;
Қарымбаева Ғазиза Серікқызы – Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының жоғары санаттағы жедел жәрдем дәрігері. 2020 жылы пандемия кезінде Қазақстан Республикасының бас санитариялық дәрігердің қаулысының негізінде жедел медициналық көмек жұмысының мониторингің жүргізу мақсатында құрылған мобильдік бригада құрамында айрықша жұмыс жасаған қызметкер;
Тілегенов Жанислам Нұржанұлы – Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженеры, Азаматтық қорғау лейтенанты;
Шеркешбаев Жамбыл Мәлікұлы – «Тараз қалалық Электр Желілері» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр монтер жұмысшысы.
Шара соңы мерекелік концертке ұласып, жергілікті өнер жұлдыздары мен кеш қонақтары Садраддин мен Төреғали Төрәлі өз өнерлерін көрсетіп, Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл сыйлады.

Об авторе: Эк-Спорт


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика