среда, 11 декабря 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
16:06, 07 November 2022

Тараз аумағындағы Мәмбет батыр көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде


Тараз аумағындағы Мәмбет батыр көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ec-sport.kz

Тараз аумағындағы Мәмбет батыр көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Бұл жол тұрғындардың көп жылғы сұранысы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Жаз мезгілінде республика бойынша орын алған битум тапшылығы салдарынан жұмыстар тоқтаған.

Бүгінгі таңда битум мәселесі өз шешімін тапты. Осыған байланысты жол құрылысы қайта жанданды. Бүгінде жолдың негіздемесін төсеу жұмыстары аяқталуда. Бұдан кейін асфальт төсеу басталады.

Мердігер компания жұмысты жеделдету мақсатында қосымша екі асфальт зауытымен келісім-шарт жасады. Сонымен қатар қосымша мердігерлер тартылды. Тараз аумағындағы Мәмбет батыр көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Мәмбет батыр, Ташкент көшелерінің ұзындығы 9,45 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары жобада.

Мәмбет батыр көшесін қайта жаңғырту бойынша мердігер «Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты» АҚ» ЖШС-мен жұмыстар жүргізілуде (ұзындығы 4,9 шақырым), Мәмбет батыр көшесінде (Сыпатай батыр көшесінен бастап 300 метрде) асфальт жабындысының 1-ші қабаты төселді, қалған теміржол өткеліне дейінгі аралыққа асфальт төселетін болады. Одан арғы жағындағы аралыққа дейін жол негіздемесі әзірленуде.

Жол жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау мақсатында қала әкімдігі тарапынан кешенді шаралар қабылдануда.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика