Яндекс.Метрика
суббота, 23 октября 2021   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
10:08, 21 March 2021

Жамбыл облысының кәсіпорындары: Сарысу ауданында йодталған ас тұзын өндіретін зауыт жұмыс істейді


Сарысу ауданындағы йодталған ас тұзын өндіретін зауыт өзінің жобалық қуатына шықты, деп хабарлайды ec-sport.kz порталы.

Осыдан аз ғана уақыт бұрын депрессивті саналатын Сарысу ауданының (аудан орталығы – Жаңатас қаласы) бүгінде екінші тынысы ашылып отыр. Мұнда кәсіпкерлік барынша қарқынды дамуда.

«Асыл тұз» тұз өндірісі компаниясы 2017 жылы мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 690 млн теңгені, жобалық өндіріс ауқымы жылына 50 мың тоннаны құрайтын йодталған ас тұзын өндіретін зауытты іске қосты.

Йодталған тұз дегеніміз калий йодталған тұздарымен, йодитпен немесе йодатпен байытылған кулинарлық (ас үйлік немесе азықтық) тұз. Қызметі – негізгі тағамның дәмін жақсарту. Текстурасы – кристалданған, ірі немесе майда болуы мүмкін, түйіршіктерінің беті – жылтыры бар күңгірт, түсі – сүттей ақ, дәмі – тұзды, аздап аштылау. Өнім қалқанша безі жұмысының бұзылуының алдын алу мақсатында өндіріледі.

Тұзсыз ағзаның қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Денсаулығы мықты ересек адам тәулігіне бұл өнімнің бір шай қасығын тұтынуы керек. Денеге және ақыл-ойға түсетін салмақ артқан жағдайда көлемін үш есе арттыруға болады. Дегенмен бұл натрий хлоридін таза күйінде тұтыну керек, деген сөз емес, ол кептірілген жеміс-жидектер, арахис, курага, теңіз өнімдері мен өзен балығы, бұршақтар мен кебектер сияқты көптеген тамақ өнімдерінің құрамында бар. Олар арқылы ағзаға оған аса қажетті йод та жеткізіледі.

Кәсіпорында Сарысу ауданының 50 тұрғыны жұмыс тапты. Зауытта жыл сайын орташа есеппен 15-20 мың тонна тұз өңделуде. «Асыл тұз» тұз өндірісі компаниясы» ЖШС-ының өнімі еліміздің барлық облыстарының нарығына шықты.

Кәсіпорын келешекте өндіріс ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Осы аймақта жұмыс сапарымен болған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Асыл тұз» тұз өндірісі компаниясының жұмысымен жан-жақты танысып, 1,1 километрлік темір жолдың құрылысын жүргізу мәселесін шешуге ықпал етуге уәде берді.

Кәсіпорындағы проблемалардың тағы бірі – карьер беру және шикізат тасымалданатын жолды жөндеу. Негізінен осындай қиыншылықтардың салдарынан кәсіпорынға өзінің толық жылдық өндірістік қуаты 50 мың тонна дайын ас тұзына жету қиындық туғызып отыр.

Жамбыл өңірі фосфориттердің, плавикті шпаттың, уранның, бағалы және түсті металдардың, көмір мен табиғи газдың, тұз бен барриттердің табиғи кен орындарына бай екені белгілі. Сондай-ақ тұщы судың ірі жерасты қоры бар.

2100

Об авторе: Эк-Спорт


Leave a Reply

© 2021 Эк-Спорт