воскресенье, 28 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
22:14, 10 June 2023

Қатарынан екінші жеңіс


Бірінші Лига біріншілігінің кезекті турында «Тараз» ойыншылары «Қайрат-Жастардан» 4:2 есебімен басым түсті.

Қызыққа толы болған ойында алаң иелері ширақ бастап, бастапқы кезде-ақ Асылбек Асан мен Бауыржан Рахметтің күшімен екі гол соғып алды. Бірінші тайм соңында тараздықтардың капитаны Ерсұлтан Қалдыбеков пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Алайда, екінші кезеңде қайраттықтар ойынға оралып, екі голмен жауап берді. Дей тұрғанмен, Бауыржан Рахметтің алыстан соққан добы матчтың жеңімпазы туралы барлық сұраққа нүкте қойды.

Осылайша, жерлестеріміз қатарынан екінші жеңіске қол жеткізіп, 13 ұпаймен турнирлік кестенің 10-орнына көтерілді.

«Тараз» ФК баспасөз қызметі

Об авторе: Венера Ахметжанова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика