«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 2023 жылдың наурыз айынан бастап жастардың санаты 14 пен 35 жас аралығын құрап отыр, деп хабарлайды “Эк-спорт” АА. Осыған орай, республика жастарының саны 3,5 млн-нан 6 млн дейін ұлғайып, облыстағы жастардың саны 93 мың артқан.
«Ұлтын сүю – ұлтшылдық емес, ұлтжандылық» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ұлттық болмысты нығайту – өзін басқалардан жоғары қою болып саналып, ұлтшылдық ретінде қаралмауы тиіс. Патриоттық сезім – Отанға, туған өлкеңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтыңды құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден ажырамау, міне, бұл – ел ертеңі – жас ұрпақтың бойына сіңіретін қағидалар.
– Бүгінгі күні облыста 327 мыңнан астам жас бар (327 271). Жастар облыс халқының 26,8 пайызын құрайды. Жастардың 137 390-і (41,9%) қалада, 189 881-і (58,1%) ауылдық елді мекенде тұрады. Облыстағы 13 (1 облыстық, 2 қалалық және 10 аудандық) «Жастар ресурстық орталықтарында» жалпы саны 415 маман қызмет атқарады, оның ішінде 328 маман жастармен етене жұмыс жасауда, – деді Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы.
Өңіріміздегі моно қалаларда, яғни, Шу қаласында «Жастар ресурстық орталығы» ашылып, Қаратау қаласында арнайы бөлімі құрылды.
Облыс бойынша барлық «Жастар ресурстық орталықтарында» NEET жастармен жұмыс жүргізу бөлімі ашылып, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасайтын инспектор бекітілді.
Жыл басынан Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және 2022-2025 жылдарға арналған жастар арасында отансүйгіштік рухты тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті көтеруге, рухани-ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулуға, жұмыссыздықты жоюға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірлескен кешенді жоспар аясында 11 бағытты қамтыған барлығы 3 237 іс-шара (қала – 314, ауданда – 2 923) өткізіліп, оған 94 126 адам (қала – 13 673, аудандар – 80 453) қамтылып отыр.
Олар: «Рухани-адамгершілік»-411, «Әскери-патриоттық»-181, «Спорттық»-325, «Мәдени-шығармашылық»-424, «Құқықтық»-332, «Дін»-241, «Психологиялық-танымдық»-331, «Жастарға кеңес беру»-451, «Экологиялық мәдениет»-247, «Этносаралық келісім»-116, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»-178.
2022 жылы жалпы саны 8 677 шара (қала – 1 005, ауданда – 7 672) өткізіліп, оған 212 865 адам (қала – 35 975, аудандар – 176 890) қамтылған. Өткізілген шаралардың маңыздылығы мен ауқымына және жастардың қамтылуына баса назар аударылуда.
Биыл жылы облыста жастар саясатын жүзеге асыруға тиісті мүдделі органдармен бірге 1 млрд 985 млн. теңге (басқармаға – 1 млрд. 170 млн. тг., обл.орталыққа – 56,7 млн., қала/аудандағы ЖРО-ға – 758,1 млн. тг.) (2022 жылы 1 млрд. 183,8 мың теңге) қаржы қарастырылған. А.ж. қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 801,1 млн. теңгеге, яғни 40,4%-ға артқан.
Сонымен қатар а.ж. мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған
21 әлеуметтік маңызы бар жоба көзделіп, жергілікті бюджет есебінен 69 млн. теңге қаражат бөлінді (басқармаға – 9 жоба 55,7 млн. тг., қала/аудандағы ЖРО-ға 12 жоба 13,3 млн. тг.) (2022 жылы 6 жоба 41,4 млн тг.,басқармаға 2 жоба 34,4 млн. теңге, қала/аудандарда 4 жоба 7 млн.тг).
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2023 жылдың І тоқсанының қорытындысымен 5,1%-ды (16 690 жас) (2022 жылдың І тоқсаны – 3,2%) құраса (Республика бойынша көрсеткіш – 4,1% (2022 жылдың І тоқсаны – 4%), уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесі 8,6%-ды (28 145 жас) (2022 жылдың І тоқсаны – 7,6%) құрап отыр (Республика бойынша көрсеткіш – 7,9% (2022 жылдың І тоқсаны – 6,7%).
А.ж. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес өңірімізде анықталған 36 987 (NEET) уақытша бос жүрген жастың (Тараз қаласы-11 183, Жуалы ауданы-875, Қордай ауданы-9651, Мойынқұм ауданы-379, Сарысу ауданы-404, Талас ауданы-643, Шу ауданы-3476, Байзақ ауданы-3157, Т.Рысқұлов ауданы-1325, Жамбыл ауданы-2362, Меркі ауданы-3532) әлеуметтік мәртебесін анықтау мақсатында, адрестік талдау жұмыстары жүргізіліп, «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде өзектендірілді.
Жүргізілген адрестік талдау жұмыстарының нәтижесінде уақытша бос жүрген 5 818 жас (NEET санатындағы жастар) (Тараз қаласы-3 795, Жуалы ауданы-91, Қордай ауданы-478, Мойынқұм ауданы-78, Сарысу ауданы-21, Талас ауданы-27, Шу ауданы-465, Байзақ ауданы-125, Т.Рысқұлов ауданы-88, Жамбыл ауданы-73, Меркі ауданы-577) анықталды.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аудандық және қалалық пробация қызметі есебінде жастар қатарындағы 717 сотталғандар тұр.
Оның ішінде, жұмыспен қамтылғаны – 507 жас, 80-і өзін-өзі жұмыспен қамтыған, 47-сі жұмыссыз, 29-ы түзету мекемелеріне қайта қамалған, 28-і оқиды, 13-і 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста, 4-і қоғамдық жұмыстарға жүктелген, 3-і мүмкіндігі шектеулі жан, 4-і іздеуде, 2-і наркологиялық диспансерде ем қабылдауда.
2023 жылдың 1 мамырына жұмыспен қамту мекемелерінің ықпалымен 35-жасқа дейінгі 8 988 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған (оның ішінде уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 140, пробация тізімінде тұрған 16 жас тартылған).
Атап айтқанда, 3 106 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасса, 553 жас онлайн оқытуға, 631 түлек жастар практикасына, 275 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 1 836 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды,
12 жас «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына, 149 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына сондай-ақ, 2 335 жас «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды, 91 жас қайтарымсыз грант алды.
2022 жылдың 1 мамырына 4 489 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
2023 жылдың 1 мамырына облыс көлемінде 80 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері (Тараз қаласында – 3, Байзақ ауданында – 15, Жамбыл ауданында – 2, Жуалы ауданында – 1, Қордай ауданында – 7, Мойынқұм ауданында – 4, Сарысу ауданында – 35, Талас ауданында – 3, Шу ауданында – 4) ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерінде 520 жұмыс беруші мекеме қатысып, 1 474 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 2 856 жұмыссыз қатысқан оның ішінде жастар саны – 172, мүмкіндігі шектеулі адам саны – 6, қалған адамдар жергілікті тұрғындар.
Жәрмеңке қорытындысымен 111 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 168 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 50 түлек «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына жолданған.
Жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша а.ж. 15 қоғамдық тыңдаулар (2022 жылы 98) өткізілді. Қоғамдық тыңдауларға уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 248, пробация тізімінде тұрған 7 жас (2022 жылы NEET санатындағы 900, пробация тізімінде тұрған 129 жас) қатысты.
«Jastarga-кеnes» жобасы аясында мемлекеттік қолдау тетіктері мен жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы 50 ақпараттық кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды. Оған жалпы 2 500 жас қатысса, оның ішінде уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 790, пробация тізімінде тұрған 140 жас («Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Жас отбасы», «Жасыл ел», «Жас кәсіпкер», Серпін және т.б.) мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық кеңес алды.
2022 жылы «Жасыл ел» еңбек жасағын іске асыруға жергілікті бюджет есебінен 120,0 млн. теңгеге 1 820 жас маусымдық жұмыспен қамтылды (оның ішінде NEET санатындағы 149, пробация тізімінде тұрған 20 жас). А.ж. жергілікті бюджет есебінен 136,2 млн. теңгеге
1 800-ден астам жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасы өз жұмысын бастап, Тараз қаласы мен аудандардан жалпы 556 жас маусымдық жұмыстарға тартылса, оның 92-сі уақытша бос жүрген жұмыссыз жастар.