пятница, 19 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
18:50, 31 August 2022

Тараз мектептері 1-қыркүйекке толық дайын


Жергілікті билік өкілдері Тараз мектептерінің жаңа оқу жылына жүз пайыз дайындығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, деп жазады ec-sport.kz.

Бірінші қыркүйекте Тараз қаласының мектептеріне 80 043 бала, оның ішінде бірінші сыныпқа 7 856 бала келеді.

Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында білім бөліміне қарасты 60 мектеп, 45 балабақша, бір кешкі мектеп, төрт қосымша білім беру ұйымы, екі психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және “Асыл мирас” аутизм орталығы – барлығы 113 мекеме жұмыс істейді.

Ведомствода білім беру нысандарының оқу жылына, жылыту маусымына дайындығы, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және бейнебақылаумен жабдықталуы 100%-ды құрайды, деп сендірді.

Таразда алдағы оқу жылында жаңа құрылыс есебінен үш ауысымды екі мектептің мәселесі шешілетін болады. Бір мектепті жаңғырту жұмыстары толық аяқталды. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 877,6 млн теңге қарастырылған.

Тараз қаласының ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, биыл бес санаттағы 19 237 оқушыны мектеп киімімен қамтамасыз ету үшін жалпы білім беру қорынан 1,9 млрд теңге қарастырылғанын. Өткен жылдан бастап отбасының жекелеген санаттарындағы әрбір балаға мектеп киімімен қамтамасыз ету үшін қаржылық көмек көрсетілуде.

“Өткен 2021-2022 оқу жылының жетістіктерін талдау республикалық, халықаралық ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда Тараз қаласының 40 оқушысы жүлделі орындарға ие болғанын көрсетті. Олар тоғыз алтын, 11 күміс, 20 қола медаль жеңіп алды. Халықаралық ғылыми жобалар байқауында №49, 30, 40 мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды. №5 және 40 мектеп-гимназияларының оқушылары “Бастау” республикалық математикалық турнирінде командалық есепте үшінші орынды жеңіп алды. Ал зияткерлік жарыс қорытындысы бойынша қаланың бес мектебі облыстың үздік ондығына кірді”, – деп хабарлады қалалық білім бөлімі.

“2021-2022 оқу жылын 2 702 түлектің 83-і Алтын белгіге, 103-і ерекшелік аттестатымен бітірді. Қала мектептерінің 2 167 түлегінің Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу нәтижелері бойынша Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия республиканың жүз үздік мектебі қатарына енді. Жаңа оқу жылын біз оқушыларымыздың жаңа жетістіктеріне куә боламыз деген сеніммен бастап отырмыз”, – деп түсіндірді ведомствода.

Білім беру мекемелері қызметінің тиімділігін бағалау және ынталандыру мақсатында өткізілген облыстық рейтинг қорытындысы бойынша №24 гимназия “Үздік қалалық мектеп” номинациясын иеленді.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2022 жылы Жамбыл облысының білім саласын дамытуға 236 млрд теңге бөлінді, бұл өңірдің жалпы жылдық бюджетінің 50%-ынан асады. Жаңа оқу жылында 444 мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында және өңірдің 27 жеке меншік білім беру ұйымдарында 235 668 оқушы, оның ішінде 17 069 бірінші сынып оқушысы оқитын болады.

Об авторе: Венера Ахметжанова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика