”Бұлақ көрсең көзін аш” акциясы кезекті рет ұйымдастырылды
Бүгін ауданымызда “Бұлақ көрсең – көзін аш” тазалық акциясы өз жалғасын тапты.
Шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов бастаған тазалық жұмыстарына ауыл ақсақалдары мен жастар, еріктілер қатысты.
Тазалық шарасына 15 ауылдық округтен 200-ге жуық тұрғын қатысып, арнайы техникалар жұмылдырылды.
Акция аясында аудан аумағында орналасқан тау бөктерінің, каналдардың, сондай-ақ елдімекен ішіндегі бұлақтар, арықтар мен атыздар тазартылды.