суббота, 20 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
13:16, 30 August 2021

Байзақта мал санында да, өнімінде де өсім бар


Байзақ ауданында мал шаруашылығы саласы да дамытылуда. Аудан бойынша 3032,7 тонна ет (тірідей салмақта), 5199,9 тонна сүт және 437 мың дана жұмыртқа өндірілді. Яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал өнімдерінің барлық түрі артық өндіріліп отыр.

Бұл орайда байзақтық малшылар қауымына ауылшаруашылығы саласын несиелендіру бағдарламалары үлкен көмек болуда. Атап айтқанда ауданның 5 шаруа қожалығы мал шаруашылығын дамыту бойынша 64,0 млн. теңгеге несиелендірілген. Оның ішінде қой сатып алу бағытында екі шаруа қожалығы 25 млн. теңге, мүйізді ірі қара сатып алу бағытында бір шаруа қожалығы 23 млн. теңге және жылқы сатып алу бағытында екі шаруа қожалығы 16 млн. теңге несие алған. Бұдан бөлек үш шаруашылық «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан лизинг арқылы 30,2 млн. теңгеге үш трактор сатып алды.

Байзақ ауданының шаруашылықтары ауылшаруашылығы саласын субсидиялау бағдарламасы бойынша да қаржыландырылуда. «Биылғы жылдың бес айында аудан бойынша 216 шаруашылық жалпы сомасы 910,1 млн. теңге субсидия алды. Атап айтқанда 111 шаруашылық 435,9 млн. теңге мал шаруашылығы субсидиясын, 50 шаруашылық 360,5 млн. теңге инвестиция субсидиясын, 50 шаруашылық 23,1 млн теңге егін шаруашылығы субсидиясын, үш шаруашылық 79,3 млн. теңге қайта өңдеу өнімдерін өндіргені үшін, бір шаруашылық 1,9 млн. теңге кредит және лизинг пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша, 9,4 млн теңге басқа да субсидиялар алып отыр», дейді Байзақ ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Ақжолов.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында несиелендіру жұмыстары да атқарылуда. Бүгінгі күнге ауылшаруашылығы бағытында 773,9 млн. теңгеге 109 шаруашылық несиелендіріліп отыр.

Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ауданда 2021 жылдың ақпан айында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қараның 105,1% (47308 бас), қой мен ешкінің 105,5% (307136 бас), жылқының 110,1% (14704 бас), түйенің 102,6% (1009 бас) өсіміне қол жеткізіліп отыр. Сонымен қатар шошқа өсімі 93,3%-ды (1688 бас), ал құс санының өсімі 90,5%-ды (617358 бас) құраған.

Дегенмен мал санын көбейту бар да, оны қыс қыспағынан аман шығару бар. Өткен қыстың ұзақ болуы мен жаз айларындағы қуаңшылық байзақтық шаруалар үшін де үлкен сын болғалы тұр. Сондықтан «Қыс шанаңды жаз сайла» деген қағиданы ұстанған олар маусым айының басынан бастап мал азығын дайындау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Жалпы ауданда 30195 гектар жерге мал азығы дақылдары орналастырылған. Оның ішінде 250 гектары сүрлемдік жүгері болса, 25140 гектары – көпжылдық шөптер. Қазір бапрлық ауылдық округтерде табиғи шөп алқабында да шабындық көрігі қыза түскен.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика