среда, 24 апреля 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
13:18, 30 August 2021

Байзақтық шаруалар 2792 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімдерін өндірді


Байзақ ауданындағы негізгі салалардың бірі – егін шаруашылығы. Ағымдағы жылы аудан шаруашылықтарындағы ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жердің көлемі 59548 гектарды құрады, оның 30227 гектары – суармалы, 29322 гектары – тәлімі.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы мен Байзақ ауданы әкімдігі арасындағы ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру туралы келісімге сәйкес, 2021 жылдың өнімі үшін ауылшаруашылығы дақылдарын 58973 гектар алқапқа орналастыру межеленген (2020 жылы – 55514 гектар). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3459 гектарға артық.

Жалпы егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында қант қызылшасы, көккөніс-бақша, арпа және мал азықтық дақылдарына басымдылық беріліп, көлемі арттырылып отыр. Атап айтқанда күздік бидай 8729 гектарға, жаздық арпа 10300 гектарға, дәндік жүгері 2700 гектарға, дәді бұршақ 50 гектарға, майлы дақылдар 1057 гектарға, қант қызылшасы 1400 гектарға, картоп 700 гектарға, көкөніс 6850 гектарға, бақша 2500 гектарға, таңқурай, құлпынай дақылдары 37 гектарға және мал азығы дақылдары 24650 гектарға орналастырылды.

Көктемгі егіс дала жұмыстары ұйымшылдықпен өткізілді. Көктемгі жер жырту науқанында 2213 гектар жер жырту жоспарланса, іс жүзінде 2066 гектар жер жыртылды (93,4%). Дақыл егуге 31000 гектар жер дайындалуы тиіс болса, нақты дайындалғаны 7307 гектар (23,6%). Жаздық масақты дақылдар 10300 гектарға, жаңа көпжылдық шөп 5200 гектарға, көкөніс 6850 гектарға, майлы дақылдар 1057 гектарға, қант қызылшасы 1400 гектарға егілді.

Топырақ құнарын сақтап қалуда және жоғары өнім алуда минералды тыңайтқыштардың шешуші рөл атқаратыны белгілі. Сондықтан да жоғары өнім алу үшін қоректендіру жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізудің мәні зор.

Осыны ескерген байзақтық диқандар 2021 жылға 3574 тонна минералды тыңайтқыштар алуды жоспарлаған болатын. Байзақ ауданы әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Ақжоловтың айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында 41 шаруа қожалық келісімшартқа сай 1324,3 тонна минералды тыңайтқыштарды толық көлемде алған. Оның 773,2 тоннасы – аммиакты селитра, 492,6 тоннасы – аммофос және 58,5 тоннасы – басқа да тыңайтқыштар. Тыңайтқыштар алу көрсеткіші – 37,1%. Тыңайтқыштар 3588,8 гектар егістік алқабына енгізілген. Сондай-ақ жыл басынан төрт шаруашылық 5345 тонна фосфогипс алу туралы келісімшартқа отырған болса, бүгінгі күнге екі шаруашылыққа 40 тоннасы жеткізілген.

Аудан көлемінде жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде жыл сайын жылыжайлар саны мен көлемі артып келеді. Бүгінде аудан бойынша жылыжайлардың жалпы көлемі 6,6 гектарды құрап отыр. Оның ішінде жалпы көлемі 5,2 гектарды құрайтын бес жылыжай шаруашылығы (оның екеуі – өнеркәсіптік, үшеуі фермерлік үлгіде) және 0,95 гектарды құрайтын 12 отбасылық жылыжай жұмыс істейді.

Байзақтық диқандар бұл жылыжайларға қияр және қызанақ дақылдарын егіп, мол өнім алуда.

 

Об авторе: Венера Ахметжанова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика