воскресенье, 6 октября 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
14:29, 02 November 2022

Жамбыл облысының тағы 10 ауылдық округінде пилоттық жоба жүзеге асады


Жамбыл облысының тағы 10 ауылдық округінде халықтың табысын арттыру бойынша пилоттық жоба іске асырылатын болады, деп хабарлайды портал ec-sport.kz.

Жамбыл облысында халықтың табысын арттыру пилоттық жобасының бірінші кезеңінде 11 ауылдық округке қарасты 25 елді мекендегі 7856 отбасы қамтылды. Бұл бағытқа барлығы 9,2 миллиард теңге бөлінді. 2021 жылы қайтарылған несие қаражаты есебінен қосымша үш ауылдық округте жоба жүзеге аса бастады.

Облыстағы 26072 тұрғынды (4 386 аула) қамтитын тағы 10 ауылдық округте пилоттық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 6 миллиард 47,5 миллион теңге бөлу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 176 өтінім келіп түскен десек, оның ішінде 408,1 миллион теңге көлеміндегі 82 өтінім қабылданған.

– Пилоттық жобаға қатысуға ниетті тұрғындарға құжаттарын дайындауға көмек көрсету қажет. Ауыл тұрғындары бір жапырақ қағаз үшін күнде облыс орталығына келмеуі қажет. Бұл жұмыстардың барлығын «Тараз» ӘКК қолдауымен ауыл әкімдері ұйымдастыруы тиіс. Әрбір өтініш жеке қарастырылуы керек. Аудан әкімдері осы кезеңде барлық ұйымдастыру мәселелерін алдын ала шешуі тиіс. Жобаны жүзеге асырумен қатар барлық әлеуметтік мәселелерді кешенді түрде шешу маңызды. Жобаның екінші кезеңінің қорытындысы бойынша біз жоғары нәтижеге қол жеткізуіміз қажет,-деп түйіндеді сөзін Нұржан Нұржігітов.

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика