среда, 11 декабря 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
21:40, 12 July 2021

Жамбыл облысының шаруа қожалықтарында құлпынай жинау науқаны жүріп жатыр


Жамбыл облысы Қордай ауданында құлпынай жинау қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлады ec-sport.kz порталы.

Қордай ауданының Сарыбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Надежда-1» шаруа қожалығы құлпынай жинаумен айналысуда. Облыс нарығына қазірдің өзінде 13 тонна өнім жіберілді.

Шаруашылық биыл 11 га алқаптан барлығы 60 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Өткен жылы шаруалар бес гектар құлпынай алқабынан 50 тонна өнім жинаған болатын.

Тәжірибелі агроном, ауылшаруашылығы құрылымының басшысы Константин Эмның айтуынша, бүгінгі таңда шаруашылық бар күш-жігерін осы алқапқа шоғырландырып отыр, құлпынай жинауға 65 жұмысшы жұмылдырылған. Жиналған өнім арнайы көлікпен тікелей алқап басынан еліміздің барлық облыс орталықтарына жіберілуде. Табиғи жағдайда өсірілген құлпынай құрамында адам ағзасына зиянды химиялық заттар жоқ.

Шаруашылық жидек өндірісін арттырып, экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Келешекте тамшылатып суару технологиясын енгізу арқылы ауылшаруашылығы өнімдерінің ассортиментін жемістермен, жидектермен, көкөністермен толықтыру жоспарлануда.

Агроқұрылым ауылшаруашылығы өнімінің көлемін ұлғайтуға және облыстың егіс алқаптарын әртараптандыруға елеулі үлес қосуда. Шаруашылық құлпынайдан басқа алма, таңқурай, пияз, сарымсақ өсіруге және экспорттауға ниетті, Қордай ауданында бұл үшін жағдай өте қолайлы болып табылады.

Өңірлік ауылшаруашылығы брендтерін қалыптастыру идеясы туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірнеше рет айтқан болатын. «Бізде таңқурай, құлпынай, пияз, сарымсақ, алма өсіруге жағдай өте қолайлы. Балық аулау мен бал өндірісін де ұлғайта аламыз. Бұл облыс экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді. Болашақта біздің өнімдеріміз республика шекарасынан алысқа таралуы тиіс. Біздің мақсатымыз – импорт көлемін азайтып, экспортты ұлғайту», деп есептейді өңір басшысы.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, Жамбыл облысында құлпынайға бөлінетін алқаптар көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. 2021 жылы шаруа қожалықтарындағы құлпынай алқаптары 35 гектарға ұлғаймақ.

Об авторе: Жанна Сулеймани


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика