пятница, 13 декабря 2024   Подписка на обновления  RSS  Реклама на сайте
Популярно
12:24, 01 July 2022

Тараздағы “Мен өзім…Business Hub” орталығында ерекше балалар шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуда


Таразда даму ерекшеліктері бар балаларға арналған дамыту орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды ec-sport.kz порталы.

Творческие возможности развивают особые дети в таразском центре «Мен өзім…Business hub»

Жаңа орталық Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Таразда ашылды. “Мен өзім…Business Hub” орталығы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға мамандық алуға және өз ісін ашуға көмектеседі.

Қарасу шағын ауданында орналасқан “Мен өзім…Business Hub” орталығы даму ерекшеліктері бар балаларға арналған. Жастар өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін киім тігу, бейне және фотомонтаж, қолөнер, бағдарламалау сияқты бағыттарда байқап көре алады. Отралыққа ата-анасының рұқсатымен тегін кіруге болады.

Таразда Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ашылған “Бақытты болашақ” оқушылар сарайы да бүгінде табысты жұмыс істеуде. Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығына арналған 600 орынды жаңа корпустың құрылысы екі жыл жүргізілді, орталықтың ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, іргелес аумақ абаттандырылды. Мұнда жүздеген бала тегін оқиды. Жұмыс істеп тұрған үйірмелерден басқа, алдағы уақытта кеме модельдеу, авиамодельдеу, робототехника, IT-орталық, планетарий, обсерватория үйірмелері жұмыс істейтін болады. Жаңа Оқушылар сарайында барлығы 81 үйірме жұмыс істейді.

Өңірде мүгедек адамдарды қолдау бойынша мақсатты жұмыстар атқарылуда. Таразда тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдарды емдеуге арналған алғашқы жабық манеж-иппотерапия орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Иппотерапия орталығының құрылысын жеке инвесторлар қаржыландыруда. Облыс орталығындағы алғашқы жабық манеж жыл бойы атпен жүруге және тірек-қимыл аппараты аурулары бар адамдарға оңалтудан өтуге мүмкіндік береді. “Асар” оңалту орталығында әртүрлі аурулармен ауыратын 40 бала иппотерапиямен айналысады. Жобаны биыл аяқтау жоспарланып отыр.

2020 жылы Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы жаңа ғимаратқа көшірілді, ол үшін облыстық бюджеттен 170 миллион теңге бөлінді. “Асар” оңалту-сауықтыру кешенінің жаңа ғимаратында емдік дене шынықтыру, логопед, психолог, әлеуметтанушы кабинеттері қарастырылған. Онда білікті медициналық және психологиялық көмек алуға болады. Кешенде мүгедектігі бар адамдар жұмыс істей алатын цехтар ашылды. “Асар” ғимаратының жанында аквапарк салынуда. Кешен басшылығы болашақта күндізгі стационар қызметімен қатар, тәулік бойы стационарлық көмек көрсетуді де жоспарлап отыр.

Сондай-ақ облыс орталығында Жастар орталығының, шығармашылық үйінің, теннис кортының, жеңіл атлетика манежі мен мұз аренасының құрылысы да жоспарланған

Творческие возможности развивают особые дети в таразском центре «Мен өзім…Business hub»

Об авторе: Айгерим Ахметова


Leave a Reply

© 2024 Эк-Спорт

Яндекс.Метрика