Бүгінде қаладағы базарларды ретке келтіру жұмыстары да назарда.
«Мыңбұлақ» шағын ауданында «Зарина», «Гауһар» сауда орталықтарының маңында орналасқан бутиктерді алдық. Бұрынғы бутиктердің орнын абаттандырып жатырмыз.
Ал, саудагерлерге «Айрылмас», «Жібек жолы» базарларынан орындар берілді.
Сонымен қоса, «Гаухар», «Зарина», «Мыңбұлақ» және «Айрылмас» сауда үйлерінің айналасында тексеріс жүргізіліп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың, өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы және жабайы сауда орындары анықталып, 130-дан аса саудагерге ескерту қағаздары таратылды.
«Ауыл Береке» базарында өртке қарсы қауіпсіздігін зерделеу үшін жоспардан тыс өрт-техникалық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 4 өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының бұзылуы орын алып, базар басшылығы ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.